Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің 2011.02.21 № 216 хатымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындары анықталсын (қосымшаға сәйкес).
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауданы әкімінің
міндетін атқарушы Н. Болатов
КЕЛІСІЛДІ:
Ұзынкөл аудандық аймақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
___________________ Н.Ағытаев
2010 жылғы 17 қыркүйекте
2010 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 302 әкімдіктің қаулысына
қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға
арналған орындары
Киров селосы, "Арман" дүкені ғимаратының жанында;
Иваноровное селосы, "Наурызбаева" жеке кәсіпкердің дүкені ғимаратының жанында;
Ксеньевка селосы, "Лиза" дүкені ғимаратының жанында;
Федоров селосы, "Веста" дүкені ғимаратының жанында;
Үкіатқан селосы, "Мусин" шаруа қожалығы кеңсесінің жанында.