Үгіттік баспа материалдарын орналастыру арналған орындарын анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 302 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қазанда № 9-19-139 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 216 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің 2011.02.21 № 216 хатымен.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындары анықталсын (қосымшаға сәйкес).
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н. Болатов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ұзынкөл аудандық аймақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы
      ___________________ Н.Ағытаев
      2010 жылғы 17 қыркүйекте

2010 жылғы 17 қыркүйектегі 
№ 302 әкімдіктің қаулысына 
қосымша           

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға
арналған орындары

      Киров селосы, "Арман" дүкені ғимаратының жанында;
      Иваноровное селосы, "Наурызбаева" жеке кәсіпкердің дүкені ғимаратының жанында;
      Ксеньевка селосы, "Лиза" дүкені ғимаратының жанында;
      Федоров селосы, "Веста" дүкені ғимаратының жанында;
      Үкіатқан селосы, "Мусин" шаруа қожалығы кеңсесінің жанында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады