Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2012.04.16 № 88 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер түрі бойынша көмек беруі қамтамасыз етілсін:
республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе көлемінде тоқсан сайын әлеуметтік көмек.
2. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Мыналар белгіленсін:
1) әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) көрсетіледі;
2) әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне), ағымдағы тоқсанға өтініш берген айынан бастап тағайындалады және тиісті оқу жылы бойынша төленеді;
3) әлеуметтік көмек мүгедек-балалардың интернат-үйінде немесе шипайжай мектептерінде тұрған мерзімінде төленбейді.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Ф. Федороваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Федоров ауданының әкімі А. Корниенко
КЕЛIСIЛДІ
"Федоров аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінiң бастығы
__________________ Т. Волоткевич