Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 04.09.2013 № 278 қаулысымен (осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16–бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес және бюджетті іске асыру мақсатында, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық көмекпен қамтамасыз ету үшін, тоқсан сайын әр балаға сегіз есе айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып анықталсын.
3. Әлеуметтік көмек сәйкес оқу жылының ішінде төленеді деп белгіленсін.
4. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операция түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
5. Аудан әкімдігінің "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 95 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-176 тіркелген, 2010 жылы 27 мамырда № 21 "Федоровские новости" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Федоров
ауданының әкімі Қ. Ахметов