Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабы 3 тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармағына сәйкес, 2008 жылғы 26 маусымдағы Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласының Мойылды ауылын дамыту және құрылысын салу нобайын бекіту туралы" N 791/16 қаулысын, Мойылды ауылы тұрғындары жиынының 2008 жылғы 10 қарашадағы N 8 хаттамасын іске асыру үшін ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Қосымшаға сәйкес Мойылды ауылының жаңа көшелеріне атау берілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ауыл әкімі С. Әубәкіров
2010 жылғы 17 мамыр N 9
Мойылды ауылы әкімінің шешіміне
қосымша
Мойылды ауылының жаңа көшелеріне атау беру тізімі
қ.с N |
Ауылды дамыту және құрылысын салу нобайы бойынша көшелер N |
Көшелер атауы |
1 |
2 |
3 |
1 |
N 1, N 5 |
Әл-Фараби көшесі |
2 |
N 2, N 6 |
Қазыбек би көшесі |
3 |
N 3, N 7 |
Тұрар Рысқұлов көшесі |
4 |
N 4 |
Мектеп көшесі |
5 |
N 8 |
Ыбырай Алтынсарин көшесі |
6 |
N 9 |
Бейбітшілік көшесі |
7 |
N 10 |
Қабанбай батыр көшесі |