Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2011.01.06 N 1-34/8 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 236/18 қаулысына, Ақсу қалалық мәслихатының 2010 жылғы 17 ақпандағы (IV сайланған XXIV кезектен тыс сессиясы) "Әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтар санатының тізбесі туралы" N 194/24 шешіміне сәйкес, қала әкімдігінің құқық актісін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы "2010 жылға арналған Ақсу қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 158/3 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 сәуірде N 12-2-137 тіркелген, "Ақжол-Новый путь" газетінде 2010 жылғы 28 сәуірде N 34 жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
3-тармақтағы:
19) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"жүріп-тұруда қиындық көретін мүгедектер: арбамен жүретін және тірек-қозғалыс аппараттарының кемістігімен бірінші топтағы мүгедектерге көлік қызметін көрсетуді ұйымдастыру;";
Мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
"30) 26) тармақшада көрсетілген санат үшін – спутниктік теледидардың клиенттік қабылдау жабдықтарын орнату төлеміне - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды куәліктерінің көшірмелерімен өтініш.";
4-тармақтағы:
1) тармақшадағы "коммуналдық қызметтер шығындарын қайтаруға 5 (бес) АЕК" сөздерінен кейін "жеке үйлерде тұратындарға;" сөздерімен толықтырылсын;
6) тармақшадағы "10" саны "5" санына ауыстырылсын, "он" сөзі "бес" сөзімен ауыстырылсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"24) 13) тармақшада көрсетілген санат үшін - "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағын алған тұлғаларға коммуналдық қызметтерге төлем туралы түбіртектер бойынша коммуналдық қызметтерге төлем шығынын өтеуге әлеуметтік көмек;";
мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
"29) 26-тармақшада көрсетілген санат үшін – спутниктік теледидардың клиенттік қабылдау жабдықтарының нақты құны бойынша – спутниктік теледидардың клиенттік қабылдау жабдықтарын орнату төлеміне.".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.
Қала әкімі О. Қайыргелдинов