Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011.02.21 N 16 хаты).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің" 56-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына және Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 шілдедегі "2010 жылы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 224 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 161 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың (ІV шақырылған, ХІХ сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 жылы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 105/19 шешіміне (мемлекеттік тізілімінде N 12-4-75 болып 2010 жылғы 21 қаңтарда тіркелген, "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінің 2010 жылғы 3 ақпандағы N 8 жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 3)-тармақшасындағы "кедейшілік деңгейінен" сөзі "азық-түлік себетінің мөлшерінен" сөздерімен ауыстырылсын;
1-тармақтың 6)-тармақшасындағы "атаулы әлеуметтік көмек" сөзінен кейін "және балалар жәрдемақысын" сөзімен толықтырылсын және "аз қамтамасыз етілген" сөзінен кейін "көп балалы" сөзімен толықтырылсын;
1-тармақтың 13)-тармақшасындағы "екі" сөзі алынып тасталсын, "курс" сөзінен кейін "және интернатура" сөздерімен толықтырылсын;
1-тармақтың 17)-тармақшасындағы "ауданға" сөзінің алдында "облыс әкімінің гранты бойынша оқыған аз қамтылған отбасы балаларынан басқа, ағымдағы жылы" сөздерімен толықтырылсын;
1-тармақтың 19)-тармақшасындағы бірінші абзацында "мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" сөздерінен кейін "және балалар жәрдемақысын" сөздерімен толықтырылсын;
1-тармақтың 19)-тармақшасындағы екінші абзацында "кедейшілік деңгейінен" сөздері "азық-түлік себетінің мөлшерінен" сөздеріне ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ж. Ағамбаев
Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов