2010 жылы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 105/19 шешімі. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қаңтарда N 12-4-75 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 158/28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2010.12.24 N 158/28 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің" 56-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" қаулысына және 2009 жылғы 24 желтоқсандағы Ақтоғай ауданы әкімдігінің "2010 жылы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 225 қаулысына сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтiк көмек алу құқығына ие келесі санаттағы азаматтар бекітілсін:
      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
      2) онкология ауруынан емделуді қажет ететін азаматтар;
      3) аудан әкімінің атына жазған өтініштер бойынша табыстары  азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын азаматтар;
      4) үш тонна көлемінде көмір сатып алу үшін табыстары кедейшілік деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтар, табыстары азық-түлік себетінен аспайтын зейнеткерлер және 1, 2 топтағы мүгедектер;
      5) Чернобыль атом электростанциясы апатының зардабын жоюға қатысушылар және Ауған соғысының жауынгерлері;
      6) жаңа оқу жылына атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алушы аз қамтамасыз етiлген көп балалы отбасындағы балалар, жетім балалар, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      7) облыс әкімінің гранты бойынша ауданға қажет педагогикалық кадрлар, медициналық қызметкерлер және басқа да мамандарды дайындау үшін жоғары оқу орындарында оқытуға – ата-аналар қамқорлығынсыз қалған жетімдер, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы орта мектептердің түлектері;
      8) табысы күнкөрістің ең төмен деңгейінен аспаған аз қамтамасыз етілген отбасындағы студенттер және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетімдер – ауданға қажет педагогикалық кадр, медициалық қызметкер және басқа да мамандарды дайындау үшін, тұруға, тамақтануға, тұрғылықты орынға және кері баруға;
      9) Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен мүгедектерi;
      10) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестiрiлгендер, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда мінсіз жауынгерлік қызмет және жанкешті еңбегі үшін бұрынғы СССР орденімен және медалімен марапатталған тұлғалар, қайтадан неке құрмаған Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлер жесірлері, бейбіт өмірде қайтыс болған Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қайтадан неке құрмаған жесірлері; гетто және шоғырландыру лагерлердің тұтқындары;
      11) "Ауданның құрметті азаматы" мәртебесі бар зейнеткерлер;
      12) "Ақтоғай ауданының туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған туберкулезбен ауратындар және Ақтоғай ауданында тіркелген, оқу орындарында анықталған туберкулезбен ауратын жоғары оқу орындарынының және колледж студенттері;
      13) үш жақты шартқа отырған, жоғары медициналық оқу орындарының соңғы курс және интернатура студенттері;
      14) балалар сал ауруымен ауыратын мүгедек-балалары бар отбасылар;
      15) жерлеу үшін, табысына және отбасы құрамына тәуелсіз, келесі санаттағы азаматтардың отбасыларына, (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы тұлғалардан басқа);
      жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жұмыссыздар;
      жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғанына қарамастан зейнетақылық жасқа дейінгі жұмыс істемегендер: ер азаматтар - 60 жастан, әйел адамдар - 55 жастан;
      жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғанына және жасына қарамастан жұмыс істемеген Ауған соғысының іс-әрекетіне қатысушылар, Чернобыль атом электростанциясының апатын жоюға қатысушылар;
      16) табысына қарамастан балалық шағынан мүгедек-балаларды 18 жасқа дейін тәрбиелеуші отбасылар;
      17) ауданға облыс әкімінің гранты бойынша оқыған аз қамтылған отбасы балаларынан басқа, ағымдағы жылы жұмысқа орналасуға келген жоғары оқу орындарының түлектері және мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылған жас мамандар;
      18) табысына қарамастан өрт, су тасқыны және басқа апаттық жағдайлардан үй жиһаздарының, киім-кешектердің, пәтерлердің, мал ұстайтын қыстық бөлімшелердің толық немесе жартылай бүлінуінен өмір сүру тіршілігінсіз қалған тұлғалар (бұрын алынған бір ретттік көмекке қарамастан);
      19) аз қамтамасыз етілген азаматтар:
      жеке шаруашылығын дамыту мақсатында мал сатып алуға және сатып алатын малға жем-шөп алуға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алушылар санатындағы азаматтар;
      аудан әкімінің атына жазған өтініштер бойынша, табыстары  азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын азаматтардың жеке шаруашылығын дамыту, мал сатып алуға және сатып алынатын малға қатты азық алу мақсатында;
      20) аз мөлшерде зейнетақы алушы зейнеткерлердің коммуналдық қызметтерін өтеуге;
      21) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бағыттамасы бойынша кәсіби техникадық оқу мекемелерінің оқушылары;
      22) 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар және барлық топтағы мүгедектер;
      23) жоғары оқу орындарын және колледждерді бітіргенге дейін жетім балалар, 18 жасқа дейінгі ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар, жоғары көрсетілген санаттағы студенттер;
      24) бейбіт өмірде қайтыс болған әскери қызметкерлерінің отбасылары;
      25) коммуналдық қызметтерін өтеуге жалғызілікті зейнеткерлер;
      26) уақытында, 12 аптаға дейін аудандық ауруханаға жүктілігі бойынша тіркеуге тұру үшін жүгінген жүкті әйелдер;
      27) дәрілік құралдарын өтеуге қант диабетімен ауратын азаматтар;
      28) кеуде сүтiмен емiзу жасындағы балалары бар аналарға бір жасқа дейін бала азығын алуға.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2010.09.03 N 146/24 Шешімімен.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық Мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            Б. Нұрмағамбетов

      Мәслихат хатшысы                           Т. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады