Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және тиісті Қожамжар ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылының Ленин көшесіне Елубаев Сахабиден атындағы көшесі ретінде қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалу барысын өзім бақылаймын.
Округ әкімі Б. Аубакиров