Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" N 103/4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 11 тамыздағы N 261/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 1 қыркүйекте N 12-6-95 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы N 194/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.05.22 N 194/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-86 болып тіркелген, 2010 жылы 3 сәуірдегі аудандық "Родные просторы" N 14 газетінде жарияланған) N 103/4 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы "үкіметтік органдардың шешімі бойынша әскери  1950 - 1951 жылдардағы (Венгрия) әрекеттерге қатысушылар" деген сөздер "бұрыңғы КСРО үкіметі органдарының шешіміне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында шайқастарға қатысқан Кеңес Армиясының әскерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) тармақшадағы "кедейлік шегінен" деген сөздер "азық–түлік себетінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 30), 31), 32) тармақшалармен толықтырылсын:
      "30) Қазақстан Республикасы шегінде теміржол және автомобиль көліктерімен (таксиден басқа) психикасы бұзылған, ертіп жүруді қажетсінетін 1, 2 топтағы мүгедектерді дәрігерлік зертеуге және емдеуге ертіп апаратын тұлғалар";
      "31) ТМД елдерінде жерленген жерлерге дейін жол ақысын төлеуге Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың аудан аумағында тұрып жатқан тікелей туыстары (ұлы, қызы, немересі, қарындасы)";
      "32) мемлекеттік арнайы әлеуметтік көмек алатын отбасылар".
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы "Senao 258" радиоұзартқышын" "орнату" деген сөздер "байланыс қызметі үшін 2000 теңге мөлшерінде ай сайынғы төлем төленетін ұялы телефон деген сөздермен ауыстырылсын";
      "деректі шығындар мөлшерінде" деген сөздерден кейін "өтінішіне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      "200 000" деген сандар "400 000" деген сандармен ауыстырылсын;
      16) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "тұрғын үйді жөндеу үшін (алушының тұрақты тұрып жатқан мекенжайы бойынша) өтінішіне сәйкес, жүргізілген деректі шығындар мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, бірақ 200 000 теңгеден артық емес";
      мынадай мазмұндағы 30) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:
      "30) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - жүру, тамақтану, тұру шығындарын нақты құны мөлшерінде өтеу, бірақ 40 АЕҚ-нен емес;
      31) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - әрқайсысына 200,0 мың теңге сомасында жол жүруді төлеу (баратын жеріне теміржол көлігімен бару және кері қайту), бірақ екі адамнан артық емес және ТМД елдері шегінде ғана (егерде Ұлы Отан соғысының қатысушысы алыс шет елде жерленген болса, жолақысы тек қана шет елмен шекараға дейін төленеді);
      3-тармақта:
      14) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "16) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – селолық округ әкімімен берілетін өтініш берушінің материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, тұрғын үйді жөндеу үшін біржолғы материалдық көмек көрсетуге селолық округ әкімі, Бөлім бастығы мен материалдық көмекті алушымен қол қойылатын үшін жақты келісім";
      мынадай мазмұндағы 25) және 26) тармақшалармен толықтырылсын:
      "25) 30) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, тұру шығындарың растайтын түбіртектер, тұратын жеріне бару және кері қайту жолына пайдаланған жол билеттері;
      26) 31) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – жерленген жерін растайтын құжаттар және жерленген жерге шақыру (бар болған жағдайда)".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Б. Аужанов

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Железинского района от 1 апреля 2010 года N 103/4 "Об оказании социальных выплат отдельным категориям граждан района"

Постановление акимата Железинского района Павлодарской области от 11 августа 2010 года N 261/8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 1 сентября 2010 года N 12-6-95. Утратило силу постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 22 мая 2012 года N 194/5

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Железинского района Павлодарской области от 22.05.2012 N 194/5.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Железинского района от 1 апреля 2010 года N 103/4 "Об оказании социальных выплат отдельным категориям граждан района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 12-6-86, опубликованное в районной газете "Родные просторы" 3 апреля 2010 года N 14, следующие изменения и дополнения:
      в пункте 1:
      в подпункте 2) слова "участники боевых действий по решению правительственных органов бывшего СССР в 1950 - 1951 годах (Венгрия)" заменить словами "военнослужащие Советской Армии, принимавшие участие в боевых действиях на территории других государств, в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР";
      в подпункте 22) слова "черту бедности" заменить словами "продовольственную корзину";
      дополнить подпунктами 30), 31), 32 следующего содержания:
      "30) лица, сопровождающие инвалидов 1, 2 группы с нарушением психологического расстройства, нуждающиеся в сопровождении, на медицинское обследование и лечение в пределах Республики Казахстан на автомобильном транспорте (кроме такси) и железнодорожном транспорте";
      "31) родственники по прямой линии, проживающие на территории района (сын, дочь, внук, сестра), погибших участников Великой Отечественной войны для оплаты проезда на места захоронений в странах СНГ";
      "32) семьи, получающие государственную адресную социальную помощь";
      в пункте 2:
      в подпункте 1) слова "и установку радиоудлинителей "Senao 258" заменить словами "сотового телефона с ежемесячной выплатой в размере 2000 тенге на услуги связи;
      после слов "в размере фактических расходов" дополнить словами "согласно заявлению";
      цифры "200 000" заменить цифрами "400 000";
      подпункт 16) дополнить абзацем следующего содержания:
      "единовременная материальная помощь на ремонт жилья (по адресу) постоянного проживания получателя) в размере фактических расходов, согласно заявлению, но не более 200 000 тенге;
      дополнить подпунктами 30) и 31) следующего содержания:
      "30) для категории, указанной в подпункте 30) – расходов за проезд, питание проживание в размере их фактической стоимости, но не более 40 МРП;
      31) для категории, указанной в подпункте 31) - оплата проезда ( до места назначения и обратно железнодорожным транспортом) в сумме не более 200,0 тыс. тенге на каждого, но не более двух человек – только в пределах стран СНГ (если участник Великой Отечественной войны захоронен в дальнем зарубежье, то проезд должен быть оплачен до ближайшей границы;
      в пункте 3:
      подпункт 14) дополнить абзацем следующего содержания:
      "для категории, указанной в подпункте 16) – акт обследования материально-бытовых условий проживания заявителя, выданный акимом сельского округа, трехстороннее соглашение на оказание единовременной материальной помощи на ремонт жилья, подписанное акимом сельского округа, начальником отдела и получателем материальной помощи";
      дополнить подпунктами 25) и 26) следующего содержания:
      "25) для категории, указанной в подпункте 30) - заявление с указанием лицевого счета в почтовом отделении акционерного общества "Казпочта" или банках второго уровня, копии удостоверения личности, регистрационного номера налогоплательщика, книги регистрации граждан, подтверждающие расходы за проживание, использованные проездные билеты до пункта назначения и обратно к месту проживания;
      26) для категории, указанной в подпункте 31) - документы, подтверждающие место захоронения, и приглашение на место захоронения (при наличии)".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      3. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Каппасова Б.М.

      Исполняющий обязанности
      акима района                               Б. Аужанов