Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.05.22 N 194/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына, Железин аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы (кезекті ХХІ сессия, ІV шақырылым) "Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар аудан азаматтарының жеке санаттарын анықтау туралы" N 186-4/21 шешіміне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-85 болып тіркелген), жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар ауданның жеке санаттағы азаматтары:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) "Германиядағы жеңісі үшін", "Жапониядағы жеңісі үшін" медальдарымен марапатталған тұлғалар; "1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және жалпы аурудың нәтижесінде мүгедек болып танылған қатысушылардың қайта некеге тұрмаған жұбайлары (жарлары);
әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мүгедек болған әскери қызметтегілер (Кеңес Әскерінің мүгедектері);
бұрыңғы КСРО үкіметі органдарының шешіміне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында шайқастарға қатысқан Кеңес Армиясының әскерлері;
3) "Ленинградты қорғағаны үшін"медалімен марапатталған тұлғалар;
соғыс жылдары қаза тапқан әскерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері;
концлагердің, гетто және басқа да мәжбүр ету маңызындағы жерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындары;
Кеңес әскерінің құрамына еркін жалданған тұлғалар; бейбітшілік уақытында әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары;
4) "Железин ауданының Құрметті азаматы" атағы бар тұлғалар;
5) 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар;
6) облыстың жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері;
7) бас бостандығынан айырылу орындарынан босатылған тұлағалар (босатылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей өтініш ұсынғандар);
8) амбулаторлық емдеумен қолдау кезеңінде жүрген құрт ауруымен ауыратындар;
9) облыстық онкологиялық диспансерге тексерілуге және оперативті емдеуге (операция, химиятерапия, сәуле терапиясы) жіберілген аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан және жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын онкологиялық аурулар;
10) Павлодар облысының жоғары, орташа арнаулы және орташа кәсіптік оқу орындарында оқитын мүгедек-студенттер;
11) көру бойынша 1, 2 топ мүгедектерін Қазақстан Республикасының шегінде санаторлық-курорттық емделуге және медициналық тексерілуге автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлігімен шығарып салушы тұлғалар;
12) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 1, 2 топ мүгедектерін Қазақстан Республикасының шегінде санаторлық-курорттық емделуге және медициналық тексерілуге автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлігімен шығарып салушы тұлғалар;
13) кәсіптік дайындық және қайта даярлаудан өтуге жіберілген және "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға;
14) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға жолақыға және оларды Қазақстан Республикасының шегінде тексерілуге және емделуге автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлігімен шығарып салушы тұлғалар;
15) Ауғаныстандағы әскери әрекеттердің әскери қызметкерлері;
16) Чернобыль АЭС-дағы апат салдарын жоюға қатысқан тұлғалар;
17) жалғызбасты еңбекке жарамсыз зейнеткерлер;
18) зейнетақының ең аз мөлшерін алатын және еңбек өтілі толық емес зейнеткерлер;
19) жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
20) балалар церебриалды параличі диагнозымен ауыратын балалары бар жалғызбасты аналар;
21) аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан, орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істемейтін науқас азаматтар;
22) орташа табысы азық–түлік себетінен аспайтын, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан жүкті әйелдерге (Железин аудандық орталық ауруханасына есепке тұру үшін уақтылы үндегендер);
23) 6-7 курста ақылы негізде оқытылатын және білім беру қызметтерін көрсету және төлеуге аудан әкімі мен жоғары оқу орнымен үш жақты келісім жасаған Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының студенттері;
24) кірісі азық-түлік себеті құнынан аспайтын, медициналық мекеменің қорытындысы бойынша қосымша балалар тамағына мұқтаж 1 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылары;
25) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, сонымен қатар Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған аз қамтамасыз етілген азаматтар;
26) Павлодар қаласының арнаулы білім ұйымында оқытылатын есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар, сондай-ақ оларды шығарып салушы тұлғалар;
27) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек әйелдер;
28) Ұлы Отан соғысы жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтар;
29) орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, аз қамтамасыз етілген отбасылар қатарынан шыққан жалғыз басты әйелдер;
30) Қазақстан Республикасы шегінде теміржол және автомобиль көліктерімен (таксиден басқа) психикасы бұзылған, ертіп жүруді қажетсінетін 1, 2 топтағы мүгедектерді дәрігерлік зертеуге және емдеуге ертіп апаратын тұлғалар";
31) ТМД елдерінде жерленген жерлерге дейін жол ақысын төлеуге Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың аудан аумағында тұрып жатқан тікелей туыстары (ұлы, қызы, немересі, қарындасы);
32) барлық санаттағы бірінші, екінші топтағы мүгедектер;
33) ағымдағы жылы ауылдық жерлерге жұмыс істеу ұшін келген жас дәрігерлер.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010.08.11 N 261/8; 2010.11.04 N 335/11 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2010.11.25 N 385/12 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген азаматтар санаттарына келесі түрлер бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындасын:
1) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - 9 Мамыр Жеңіс күніне дәрі-дәрмек сатып алу үшін ай сайынғы төлем 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде; тоқсанына бір рет облыс орталығына автомобиль көлігімен бару жолын растайтын құжаттар немесе өтініш негізінде деректі құны бойынша өтеу, ал жол жүру билеттері болмаған жағдайда – 3000 теңгеден артық емес; деректі шығындар бойынша екі кезеңдік басылымға жазылу; тұрғын үй-коммуналдық қызметі төлемі (жылу үшін қызметтен басқа) ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде; деректі шығындар бойынша растайтын құжаттар негізінде тіс салдыруға біржолғы материалдық көмек; қатты отын сатып алу немесе жылу беру шығындарының орнын толтыру үшін 15 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек; деректі шығындар бойынша сатып алып, байланыс қызметі үшін 2000 теңге мөлшерінде ай сайынғы төлем төленетін ұялы телефон үшін бір жолғы материалдық көмек; тұрғын үйді жөндеу үшін (алушының тұрақты тұрып жатқан мекенжайы бойынша) жүргізілген деректі шығындар мөлшерінде өтінішіне сәйкес біржолғы материалдық көмек, бірақ 400 000 теңгеден артық емес;
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күні қарсаңында - 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
деректі шығындар мөлшерінде электр жылуын орнату үшін бір жолғы материалдық көмек;
2) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
3) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеу үшін ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде;
4) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – тұрғын үй-коммуналдық қызметтер төлемін өтеу үшін 23228 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
5) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - Мүгедектер күніне орай 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
6) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - облыстың жоғары оқу орындарында оқу үшін сәйкес оқу мекемесінің нақты оқу құны мөлшерінде;
оқу кезеңіне 5000 теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік төлем;
7) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - 5 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
8) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - тамақтануы үшін 4 АЕК мөлшерінде және аудан шегінде жолақысына 1 АЕК мөлшерінде берілетін ай сайынғы материалдық көмек;
9) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - тоқсанына бір рет автомобиль көлігімен (таксиден басқа) "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (бұдан әрі – облыстық онкологиялық диспансер) және тұрақты мекенжайына кері қайту жолын нақты құны бойынша өтеу үшін материалдық көмек;
оперативтік емделуге (операция немесе химиотерапия немесе сәуле терапиясы) табысы есепке алынбайтын 15 АЕК мөлшерінде жылына бір рет берілетін біржолғы материалдық көмек;
10) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - Мүгедектер күніне орай 10 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
11) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - жүріс, тамақтану, тұру шығындырын нақты құны мөлшерінде өтеу, бірақ 40 АЕК-нен артық емес;
12) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - жүріс, тамақтану, тұру шығындырын нақты құны мөлшерінде өтеу, бірақ 40 АЕК-нен артық емес;
13) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - оқу кезеңіне 10000 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
14) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - Қазақстан Республикасының шегінде жүрісі мен тұруының нақты құны мөлшерінде төлем, бірақ 40 АЕК-нен артық емес;
15) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - Ауғаныстаннан әскерлерді шығару күніне орай 5 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
сауықтыру үшін тоқсанына бір рет 2 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін өтеу үшін 1,25 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
Отанды қорғаушылар күніне 2000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
16) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - сауықтыру үшін тоқсанына 1 рет берілетін 2 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін өтеу үшін ай сайын берілетін 1,25 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
Отанды қорғаушылар күніне 2000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
тұрғын үйді жөндеу үшін (алушының тұрақты тұрып жатқан мекенжайы бойынша) өтінішіне сәйкес, жүргізілген деректі шығындар мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, бірақ 200 000 теңгеден артық емес;
Чернобыль АЭС-дағы апатты еске алу Күні қарсаңында - 5 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
17) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - Қарттар күніне орай қатты отын сатып алу үшін 8 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
18) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - Қарттар күніне орай қатты отын сатып алу үшін 8 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
19) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - Қарттар күніне орай қатты отын сатып алу үшін 8 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
20) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - тоқсан сайын берілетін 3 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
21) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - ай сайын берілетін 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
22) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
23) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - медициналық жоғары оқу орындарындағы оқуды төлеу үшін сәйкес оқу мекемесінің нақты оқыту құны мөлшерінде;
24) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - балалар тамағын сатып алу үшін ай сайын берілетін 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
25) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - жеке ауласын дамыту және өздігінен жұмыспен қамтылу үшін 70,0 мың теңгеден, жем-шөп сатып алу үшін 20 000 мың теңгеден біржолғы материалдық көмек (ауыл шаруашылығы малдары бар болған жағдайда);
26) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - айына бір рет жолақысына берілетін 3 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
27) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - екі кезеңдік басылымға жазылу үшін берілетін 3 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
28) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
29) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - отбасының әр мүшесіне берілетін 3 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
30) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - жүру, тамақтану, тұру шығындарын нақты құны мөлшерінде өтеу, бірақ 40 АЕҚ-нен емес;
31) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - әрқайсысына 200,0 мың теңге сомасында жол жүруді төлеу (баратын жеріне теміржол көлігімен бару және кері қайту), бірақ екі адамнан артық емес және ТМД елдері шегінде ғана (егерде Ұлы Отан соғысының қатысушысы алыс шет елде жерленген болса, жолақысы тек қана шет елмен шекараға дейін төленеді);
32) 32) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – нақты құны бойынша екі кезеңдік басылымға жазылуға материалдық көмек;
33) 33) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – әр дәрігерге 200000 теңгеден орналасу үшін біржолғы әлеуметтік көмек;
34) 1), 2), 5) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – сандық спутниктік теледидардың қабылдауыш жабдықтарын (тіреуіштерді) сатып алу үшін 28200 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010.08.11 N 261/8; 2010.11.04 N 335/11 ( жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2010.11.25 N 385/12 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.03.17 N 108/3 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.04.27 N 157/5 (жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.10.10 N 326/10 (жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
3. Әлеуметтік төлемдерді алу үшін Бөлімге осы қаулының 1-тармағында көрсетілген әр санат бойынша келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) 1) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, алушының мәртебесін растайтын құжат; бару және тұрғылықты жеріне кері қайтуға пайдаланған жол билеттері немесе жеке өтініші (көліктік қатынастар жоқ елді мекендерде);
кезеңдік басылымға ақы төленгені туралы түбіртек;
тіс салғаны үшін төлем жөніндегі анықтама немесе түбіртек;
селолық округ әкімімен берілетін өтініш берушінің материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, селолық округ әкімі, Бөлім бастығы мен материалдық көмекті алушымен қол қойылатын тұрғын үйді жөндеу үшін біржолғы материалдық көмек көрсетуге үш жақты келісім;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы Железин аудандық бөлімшесімен ұсынылатын тізім;
шығыстар сметасы мен атқарылған жұмыстар актісі;
2) 2), 3) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтінішті, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі "Зейнетақы төлеу бойынша республикалық орталық" Республикалық қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық зейнетақы төлеу бойынша Железин ауданы бөлімшесінің тізімі;
3) 4) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, алушының мәртебесін растайтын құжат, азаматтарды тіркеу кітабы;
4) 5) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, медициналық әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) анықтамасының көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы Железин аудандық бөлімшесімен ұсынылатын тізім;
5) 6) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, Железин ауданының әкімі, студент және оқу орнының басшысы арасындағы білім қызметтерін көрсету және төлеу үшін үш жақты келісімшарт;
6) 7) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, бостандықтан айырылу жерінен босатылу жөніндегі анықтама;
7) 8) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - азаматтарды тіркеу кітабы, жол билеттері немесе жеке өтініші;
8) 9) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, облыстық онкологиялық диспансерге тексерілу үшін жолдама, бару және кері қайту жолына пайдаланған жол билеттері, оперативті емделу өткізілгенін растайтын медициналық мекеменің құжаттары;
9) 10) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, МӘС анықтамасы, оқитын жерінен анықтама, азаматтарды тіркеу кітабы;
10) 11) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, науқастың медициналық картасы, жол билеті, азаматтарды тіркеу кітабы;
11) 12) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, науқастың медициналық картасы, жол билеті, азаматтарды тіркеу кітабы;
12) 13) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, оқу мекемесінен анықтама;
13) 14) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, МӘС анықтамасы, медициналық мекеменің жолдамасы, тұру шығындарын растайтын түбіртектер, бару және кері қайту жолына пайдаланған жол билеттері;
14) 15), 16), 17), 18), 19) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі "Зейнетақы төлеу бойынша республикалық орталық" Республикалық қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық зейнетақы төлеу бойынша Железин ауданы бөлімшесінің тізімі;
16) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – селолық округ әкімімен берілетін өтініш берушінің материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, тұрғын үйді жөндеу үшін біржолғы материалдық көмек көрсетуге селолық округ әкімі, Бөлім бастығы мен материалдық көмекті алушымен қол қойылатын үшін жақты келісім;
15) 20) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігі, МӘС анықтамасы, алушының мәртебесін растайтын құжат, дәрігерлік консультативтік комиссиясының анықтамасы;
16) 21) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, селолық округі әкімімен берілген өтініш берушінің материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, селолық округ әкімімен берілген отбасы мүшелерінің жиынтық табысы туралы мәлімет, Дәрігерлік Консультативтік Комиссиясының қорытындысы;
17) 22) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, селолық округі әкімімен берілген өтініш берушінің материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, селолық округ әкімімен берілген отбасы мүшелерінің жиынтық табысы туралы мәлімет, врач-гинекологтен растайтын анықтама;
18) 23) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, Железин ауданының әкімі, медициналық жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қол қойылатын интерн бойынша білім қызметтерін көрсету және төлеу үшін үш жақты келісімшарт;
19) 24) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, селолық округ әкімімен берілген материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, селолық округ әкімімен берілген отбасы мүшелерінің жиынтық табысы туралы мәлімет, медициналық мекеменің анықтамасы;
20) 25) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, селолық округ әкімімен берілген өтініш берушінің материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, селолық округ әкімінің қолдаухаты, Бөліммен берілетін жұмыссыз не мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы мәртебесін растайтын анықтама, селолық округ әкімі, Бөлім бастығы және материалдық көмек алушымен қол қойылған мал, жем-шөп сатып алу және өздігінен қамтылуды дамыту үшін үш жақты келісім;
21) 26) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігі, МӘС анықтамасы;
22) 27) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігі, МӘС анықтамасы;
23) 28) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі "Зейнетақы төлеу бойынша республикалық орталық" Республикалық қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық зейнетақы төлеу бойынша Железин ауданы бөлімшесінің тізімі;
24) 29) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Казпочта" пошталық акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, селолық округі әкімімен берілген өтініш берушінің материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, селолық округ әкімімен берілген отбасы мүшелерінің жиынтық табысы туралы мәлімет;
25) 30) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, тұру шығындарың растайтын түбіртектер, тұратын жеріне бару және кері қайту жолына пайдаланған жол билеттері;
26) 31) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – жерленген жерін растайтын құжаттар және жерленген жерге шақыру (бар болған жағдайда);
27) 32) тармақшасында көрсетілген санаттарға, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес есепшоты көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірлі куәлігінің көшірмелері, алушы мәртебесін растайтын құжат, кезеңдік басылымдарға жазылуға төлеу жөніндегі түбіртек;
28) 33) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен берілетін жұмысқа жолдама, жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың, азаматтарды тіркеу кітабының, әлеуметтік жеке кодының, еңбек келісімшарты мен дипломның көшірмелері.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010.08.11 N 261/8; 2010.11.04 N 335/11 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 2010.11.25 N 385/12 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.03.17 N 108/3 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.10.10 N 326/10 (жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтарда туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
5. Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы "Ауданның жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" N 169/5 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-6-75 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 шілдедегі N 28 аудандық "Родные просторы" газетінде жарияланған);
Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі "Ауданның жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 228/8 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-6-77 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 қыркүйектегі N 37 аудандық "Родные просторы" газетінде жарияланған);
Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 желтоқсандағы "Ауданның жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 317/11 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-6-81 болып тіркелген, 2009 жылғы 5 желтоқсандағы N 49 аудандық "Родные просторы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.
Аудан әкімі Ж. Шұғаев