Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.05.22 N 194/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлемдерді көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 12-6-86 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 сәуірдегі аудандық "Родные просторы" N 14 газетінде жарияланған) N 103/4 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 33) тармақшасымен толықтырылсын:
"33) ағымдағы жылы ауылдық жерлерге жұмыс істеу ұшін келген жас дәрігерлер.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы 33) тармақшасымен толықтырылсын:
"33) 33) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – әр дәрігерге 200000 теңгеден орналасу үшін біржолғы әлеуметтік көмек.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 28) тармақшасымен толықтырылсын:
"28) 33) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен берілетін жұмысқа жолдама, жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың, азаматтарды тіркеу кітабының, әлеуметтік жеке кодының, еңбек келісімшарты мен дипломның көшірмелері.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.
Аудан әкімі Ж. Шугаев