Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011.04.04 N 2-24-214 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 37-бабының 3-тармағына, 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына, 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" N 371 Қаулысына, 2005 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының әскери басқару жергілікті органдары туралы Ережені бекіту туралы" N 1232 ҚҚҮ Қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1. "Павлодар облысы Ертіс ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ҚІБ) шақыру учаскесіне 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1994 жылы туған азаматтарды жазу бойынша шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға және ҚІБ бастығы А.К.Саринге жүктелсін.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Сәрсембаев
Келісілді
Ертіс ауданының ҚІБ бастығы А. Сарин
2010 ж. 20 желтоқсан