Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Качир аудандық әкімі аппарат басшысының 06.11.2013 N 30/1-17/882 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1)-тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектерді жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауда көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысанына қарамастан Качир ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
Аудан әкімі Б. Бақауов