2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 10 маусымдағы N 173/4 қаулысы. Павлодар облысы Качир ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 шілдеде N 12-8-87 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Качир аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 06 қарашадағы N 30/1-17/882 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Качир аудандық әкімі аппарат басшысының 06.11.2013 N  30/1-17/882 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1)-тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектерді жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауда көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысанына қарамастан Качир ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады