Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 06.01.2011 N 28/1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. N 11 Коммунар сайлау округі бойынша Качир аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар тізбесі аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісу бойынша қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Ауылдық округтердің әкімдері Качир аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды стендтер, тақталар және тумбалармен жабдықтау бойынша шаралар қолдансын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.В. Фишерге жүктелсін.
Аудан әкімі Б. Бақауов
"КЕЛІСІЛДІ"
Качир аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
2010 жылғы 31 тамыз Т. Сәдібеков
Качир ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 31 тамыздағы
"N 11 Коммунар сайлау округі бойынша
Качир аудандық мәслихаты депутаттығына
кандидаттардың үгіт баспа материалдарын
орналастыруға арналған орындарды
белгілеу туралы" N 240/6 қаулысына
қосымша
N 11 Коммунар сайлау округі бойынша Качир
аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың
үгіт баспа материалдарын орналастыруға
арналған орындар тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010.09.29 N 266/6 Қаулысымен.
N |
Сайлау учаскесі, ауыл |
Орналастыру орны |
1 |
N 305 сайлау учаскесі, Фрументьевка ауылы |
Ауылдық Мәдениет үйі ғимараты жанында |
2 |
N 306, сайлау учаскесі, Воскресенка ауылы |
Медициналық пунктінің ғимараты жанында |
3 |
N 303 сайлау учаскесі, Львовка ауылы |
Львовка жалпы білім беру орта мектебінің ғимараты жанында |
4 |
N 304 сайлау учаскесі, Тимофеевка ауылы |
Бұрынғы Тимофеевка бастауыш мектебінің ғимараты жанында |
5 |
N 272 сайлау учаскесі, Төлеубай ауылы |
Медициналық пунктінің ғимараты жанында |