Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі N 261/6 қаулысы. Павлодар облысы Качир ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қазанда N 12-8-95 тіркелген Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 08 қаңтардағы N 1 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 08.01.2015 N 1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ауданның ауылдық округтері әкімдерімен бірлесіп, Качир ауданы қылмыстық-атқару инспекциясымен келісу бойынша тиісті ауданның ауылдық округінде қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілерді белгілесін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
 
 

      Аудан әкімі
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысы бойынша
      қылмыстық-атқару жүйесі
      департаментінің Качир аудандық
      қылмыстық-атқару инспекциясы
      бөлімінің бастығы
      2010 жылғы 16 қыркүйек

Б. Бақауов
 
 
 
 
 
С. Әлиқпаров
 


Качир ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 17 қыркүйек
"Қоғамдық жұмыстарға тарту
түрінде жазаны өтеуге сотталған
тұлғаларға арналған қоғамдық
жұмыстардың түрлерін
белгілеу туралы"
N 261/6 қаулысына
қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған
тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстар түрлері

      1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау.
      2. Аумақты қызылсу мұздан тазарту.
      3. Аумақты қардан тазарту.
      4. Аумақты қоқыстан тазарту.
      5. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
      6. Аумақты арамшөптен тазарту.
      7. Қоқысты жинау және шығару.
      8. Жас бұтақтарды кесу.
      9. Ағаштарды кесу.
      10. Ағаштарды әктеу.
      11. Ағаштар егу.
      12. Гүлзарларды бөліп отырғызу.
      13. Көгалдарды қолмен қайта қазу.
      14. Шөпті шабу.
      15. Қоқысты жинау және шығару.
      16. Ғимараттарды әктеу.
      17. Ғимараттарды сырлау және өзге де жөндеу жұмыстары.
 

Об определении видов общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию наказания в виде привлечения к общественным работам

Постановление акимата Качирского района Павлодарской области от 17 сентября 2010 года N 261/6. Зарегистрировано Управлением юстиции Качирского района Павлодарской области 15 октября 2010 года N 12-8-95 Утратило силу постановлением акимата Качирского района Павлодарской области от 08 января 2015 года N 1

     Сноска. Утратило силу постановлением акимата Качирского района Павлодарской области от 08.01.2015 N 1.
      В соответствии со статьей 42 Уголовного кодекса Республики Казахстан от 16 июля 1997 года, пунктом 1 статьи 30 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 13 декабря 1997 года, пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить виды общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию наказания в виде привлечения к общественным работам, согласно приложению.
      2. Начальнику государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Качирского района" совместно с акимами сельских округов района по согласованию с уголовно-исполнительной инспекцией Качирского района определить объекты для отбывания наказания в виде привлечения к общественным работам в соответствующем сельском округе района.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Марданову А.К.
 
 

      Аким района
      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник отдела Качирской
      районной уголовно-исполнительной
      инспекции Департамента
      уголовно-исполнительной системы
      по Павлодарской области
      16 сентября 2010 года

Б. Бакауов
 
 
 
 
 
С. Аликпаров
 


Приложение
к постановлению акимата
Качирского района
от 17 сентября 2010 года Nп261/6
"Об определении видов
общественных работ
для лиц, осужденных
к наказанию в виде
привлечения к
общественным работам"

Виды общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию
наказания, в виде привлечения к общественным работам

      1. Уборка бытовых отходов.
      2. Очистка территории от наледи.
      3. Очистка территории от снега.
      4. Очистка территории от мусора.
      5. Очистка территории от бытовых отходов.
      6. Очистка территории от сорняка.
      7. Сбор и вывоз мусора.
      8. Обрезка порослей.
      9. Обрезка деревьев.
      10. Побелка деревьев.
      11. Посадка деревьев.
      12. Разбивка цветочных клуб.
      13. Перекопка газонов вручную.
      14. Скашивание травы.
      15. Сбор и вывоз мусора.
      16. Побелка зданий.
      17. Покраска зданий и иные ремонтные работы.