Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 08.01.2015 N 1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2.
"Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ауданның ауылдық округтері әкімдерімен бірлесіп, Качир ауданы қылмыстық-атқару инспекциясымен келісу бойынша тиісті ауданның ауылдық округінде қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілерді белгілесін.
3.
Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
4.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
Аудан әкімі |
Б. Бақауов |
Качир ауданы әкімдігінің |
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған
тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстар түрлері
1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау.
2. Аумақты қызылсу мұздан тазарту.
3. Аумақты қардан тазарту.
4. Аумақты қоқыстан тазарту.
5. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
6. Аумақты арамшөптен тазарту.
7. Қоқысты жинау және шығару.
8. Жас бұтақтарды кесу.
9. Ағаштарды кесу.
10. Ағаштарды әктеу.
11. Ағаштар егу.
12. Гүлзарларды бөліп отырғызу.
13. Көгалдарды қолмен қайта қазу.
14. Шөпті шабу.
15. Қоқысты жинау және шығару.
16. Ғимараттарды әктеу.
17. Ғимараттарды сырлау және өзге де жөндеу жұмыстары.