2010 жылы тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы N 6/1 қаулысы. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 ақпанда N 12-9-103 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысысының 2014 жылғы 06 наурыздағы N 31/1-36/89 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13- тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы, тұрғындардың әлеуметтік-қорғаусыз санатындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тұрғындардың мақсатты топ құрамына кіретін тұлғалардың тізбесі толықтырылсын:
      50 жастан жоғары тұлғалар;
      Дәрігерлік-Кеңестік Комиссияның аңықтамасы бойынша еңбекке шектеулері бар тұлғалар;
      бір де бір жұмыскері жоқ аз қамтылған отбасылардың жұмыссыздары.
      2. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғындардың мақсатты тобынан жұмыссыздар үшін 80 әлеуметтік жұмыс орынын құру жөнінде мекемелер және ұйымдармен қосымшаға сәйкес жұмыс ұйымдастырсын.
      4. Ауданның қаржы бөлімі бекітілген қаржы шегінде аудандық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Ө. Сағандықовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Әпсалықов

Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы
27 қаңтардағы N 6/1 қаулысына  
қосымша             

Мақсатты топтың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынушы жұмыс берушілердің іріктеу тәртібі

      1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнының ұйымына тапсырыс береді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу барысында Уәкілетті орган келесі талаптарды есепке алады: кәсіпорындардың төлемге қабілеттілігі, еңбекақының уақытында төленуі, жұмыс орының техникалық қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің кәсіпорын қалыптарын сақтауы, Уәкілетті органдардың келісілген шарт мерзімінің өтуі бойынша жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі.
      3. Жұмыс беруші Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруға шарт жасайды. Шартта екі жақтың міндеттері, жұмыс түрлері, көлемдері, еңбек төлемінің мөлшерлері мен жағдайы, әлеуметтік жұмыс орындарының қаржыландырылу көздері, бағытталған жұмыссыздар саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орын қолданылуы мүмкін емес.
      4. Уәкілетті орган тұрғындардың мақсатты тобының жұмыссыздарын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін бағыт береді (жолдама).
      5. Жұмыс беруші бағытталған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдайды, онымен еңбек шартына отырады, техникалық қауіпсіздік нормаларға сәйкес жұмыс орнын ұсынады. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру мерзімі алты айға дейін рұқсат етіледі.
      6. Жұмыс берушілер аудан бюджетінің қаражатынан еңбек төлеу жөніндегі шығынды қайтару үшін ағымдағы жылғы әр айдың 20-на дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте: жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірімі, жұмыс уақытын есептейтін табельді, жұмысшылардың әлеуметтік жұмыс орнына қабылдануы туралы есеп және орындалған жұмыс актісін ұсынады.
      7. Мақсатты топтың жұмыссыздардың жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушінің осы іріктеу тәртібін орындауды бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

О социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2010 году

Постановление акимата Лебяжинского района Павлодарской области от 27 января 2010 года N 6/1. Зарегистрировано Управлением юстиции Лебяжинского района Павлодарской области 9 февраля 2010 года N 12-9-103. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо руководителя аппарата акима Лебяжинского района Павлодарской области от 06 марта 2014 года N 31/1-36/89)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо руководителя аппарата акима Лебяжинского района Павлодарской области от 06.03.2014 N 31/1-36/89).

      В соответствии с подпунктом 13 пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 5 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях социальной защиты и содействия занятости безработных из социально–незащищенных категорий населения акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Дополнить перечень лиц, входящих в состав целевых групп населения:
      лица, старше 50 лет;
      лица имеющие ограничения в труде по справкам Врачебной Консультативной Комиссии;
      безработные из малообеспеченных семей, не имеющие ни одного работающего.
      2. Утвердить порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест согласно приложению.
      3. Отделу занятости и социальных программ организовать работу с учреждениями и организациями по созданию 80 социальных рабочих мест для безработных из целевых групп населения.
      4. Районному отделу финансов обеспечить своевременное финансирование социальных рабочих мест из районного бюджета в пределах утвержденных средств.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      6. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Сагандыкова Н. О.

      Аким района                                С. Апсаликов

Приложение        
к постановлению акимата района
от 27 января 2010 года   

Порядок отбора работодателей, предлагающих организацию
социальных рабочих мест для трудоустройства безработных
из целевых групп

      1. Работодатель подает заявку на организацию социальных рабочих мест.
      2. При отборе работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест, Уполномоченный орган учитывает следующие требования: платежеспособность предприятия, своевременность выплаты заработной платы, соответствие рабочего места нормам техники безопасности, соблюдение на предприятии норм Трудового кодекса Республики Казахстан, возможность предоставления безработному постоянной работы по истечении срока действия заключенного договора с Уполномоченным органом.
      3. Работодатель заключает договор с Уполномоченным органом на организацию социальных рабочих мест. В договоре отражаются обязанности сторон, виды, объемы работ, размер и условия оплаты труда, срок и источники финансирования социальных рабочих мест, количество направляемых безработных. Работа носит временный характер и для ее организации не могут быть использованы постоянные рабочие места и вакансии.
      4. Уполномоченный орган выдает направление безработным из целевых групп населения для трудоустройства на социальные рабочие места.
      5. Работодатель принимает на социальное рабочее место направляемого безработного, заключает с ним трудовой договор, предоставляет рабочее место, соответствующее нормам техники безопасности. Срок занятости безработных на социальных рабочих местах допускается до шести месяцев.
      6. Работодатели для возмещения расходов по оплате труда из средств районного бюджета ежемесячно до 20 числа текущего месяца предоставляют в Уполномоченный орган в установленном порядке: выписку из приказа о приеме на работу, табель учета рабочего времени, отчет о принятых на социальные рабочие места работников и акт выполненных работ.
      7. Контроль за исполнением настоящего порядка отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп, возлагается на Уполномоченный орган.