Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13- тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы, тұрғындардың әлеуметтік-қорғаусыз санатындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұрғындардың мақсатты топ құрамына кіретін тұлғалардың тізбесі толықтырылсын:
50 жастан жоғары тұлғалар;
Дәрігерлік-Кеңестік Комиссияның аңықтамасы бойынша еңбекке шектеулері бар тұлғалар;
бір де бір жұмыскері жоқ аз қамтылған отбасылардың жұмыссыздары.
2. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғындардың мақсатты тобынан жұмыссыздар үшін 80 әлеуметтік жұмыс орынын құру жөнінде мекемелер және ұйымдармен қосымшаға сәйкес жұмыс ұйымдастырсын.
4. Ауданның қаржы бөлімі бекітілген қаржы шегінде аудандық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Ө. Сағандықовқа жүктелсін.
Аудан әкімі С. Әпсалықов
Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы
27 қаңтардағы N 6/1 қаулысына
қосымша
Мақсатты топтың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынушы жұмыс берушілердің іріктеу тәртібі
1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнының ұйымына тапсырыс береді.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу барысында Уәкілетті орган келесі талаптарды есепке алады: кәсіпорындардың төлемге қабілеттілігі, еңбекақының уақытында төленуі, жұмыс орының техникалық қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің кәсіпорын қалыптарын сақтауы, Уәкілетті органдардың келісілген шарт мерзімінің өтуі бойынша жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі.
3. Жұмыс беруші Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруға шарт жасайды. Шартта екі жақтың міндеттері, жұмыс түрлері, көлемдері, еңбек төлемінің мөлшерлері мен жағдайы, әлеуметтік жұмыс орындарының қаржыландырылу көздері, бағытталған жұмыссыздар саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орын қолданылуы мүмкін емес.
4. Уәкілетті орган тұрғындардың мақсатты тобының жұмыссыздарын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін бағыт береді (жолдама).
5. Жұмыс беруші бағытталған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдайды, онымен еңбек шартына отырады, техникалық қауіпсіздік нормаларға сәйкес жұмыс орнын ұсынады. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру мерзімі алты айға дейін рұқсат етіледі.
6. Жұмыс берушілер аудан бюджетінің қаражатынан еңбек төлеу жөніндегі шығынды қайтару үшін ағымдағы жылғы әр айдың 20-на дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте: жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірімі, жұмыс уақытын есептейтін табельді, жұмысшылардың әлеуметтік жұмыс орнына қабылдануы туралы есеп және орындалған жұмыс актісін ұсынады.
7. Мақсатты топтың жұмыссыздардың жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушінің осы іріктеу тәртібін орындауды бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.