Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 8-тармағына сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмысты ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 240 жұмыссыздар үшін кәсіпорын және ұйымдармен келісім шарт бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
2. Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және нақты жағдайы қатысушылардың еңбек төлемінің мөлшері және оның қаржыландырылу көздері, қоғамдық жұмысқа сұранысы және ұсынысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Тұрғындардың мақсатты тобына кіретін асырауында кәмелетке толмаған 4 және одан да артық балалары бар көп балалы аналар, 3-ші топтың мүгедектері, Дәрігерлі Кеңестік Комиссияның анықтамасы бойынша еңбекте шектеулері бар азаматтар қатарындағы жұмыссыздар үшін толық еңбекақы төлемімен 24 сағаттық (36 сағат) жұмыс аптасын және оралымды жұмыс кестесін қарастырсын. 3-топ мүгедектері мен Дәрігерлі Кеңестік Комиссияның анықтамасы бойынша еңбекте шектеулері бар азаматтар қатарындағы жұмыссыздар медициналық мекемелер ұсынысымен денсаулығының жағдайына және жұмыс түрлеріне байланысты қоғамдық жұмыстарға жіберілсін.
4. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға Республика бойынша белгіленген ең аз еңбекақы мөлшерінен кем емес еңбекақы белгіленсін.
5. Ауданның қаржы бөлімі "Қоғамдық жұмыс" 100 кіші бағдарламасы бойынша бекітілген қаржы шегінде аудандық бюджеттен уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6. Бұл қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө. Сағандықовқа жүктелсін.
Аудан әкімі С. Әпсалықов
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
24 желтоқсан N 319/12 қаулысына
қосымша
Ұйымдар тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайы, қатысушылардың еңбек төлемінің мөлшері және оның қаражыландырылу көздері, қоғамдық жұмысқа сұранысы пен ұсынысы
N р/с | Ұйымдардың атаулары | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Қоғамдық жұмыстардың көлемдері және нақты шаралары | Сұраныс (мәлімделген қажеттілік) | Ұсыныстар (бекітілген) | Қаржыдандыру көздері |
---|---|---|---|---|---|---|
1 |
Баймолдин ауылдық округі |
1. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру |
500 түп ағаш отырғызу, 150 түп бұтақ отырғызу, 3520 шаршы.м. аумақты тазалау, ағаштарды әктеу, ағаштарды кесу - 300 түп, 250 шаршы м. гүлзарлар мен клумбаларды өсіру, 500 шаршы м. ескерткіштер мен обелисктерді, саябақ аумағын ретке келтіру, 84 шаршы м. қоршауды жөндеу, 510 шаршы метр қарды тазалау, 350 шаршы метр 7 дана көлемінде ауылдық округ зиратын тазарту. |
15 |
15 |
|
2. Саябақ пен егілген ағаштарды малдардан қорғау |
Демалыс күндерін есепке алғанда 1 айдың ішінде 8 сағаттан 2 адам |
2 |
2 |
|||
3. Елді мекендердің қоғамдық тәртібін кешкі және түнгі уақытта күзету |
Демалыс күндерін есепке алғанда 3 айдың ішінде 8 сағаттан 4 адам |
2 |
2 |
|||
2 |
Жамбыл ауылдық округі |
1. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру |
350 түп ағаш отырғызу, 6000 шаршы метр аумақты тазалау, 500 түп ағашты кесу, 510 шаршы метр қарды тазалау, 1200 түп ағашты әктеу, 150 тірек бағанларын әктеу, 70 шаршы метр қоршауды жөндеу күніне 8 сағаттан |
15 |
15 |
|
2. Учаскелік комиссияларға көмек көрсету |
380 ауланы аулалы және басқадай тексерістен өткізу |
3 |
3 |
|||
3. Жұмыс көлемі ұлғайған кезде ауылдық округтің әкімдіктерінде құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсету |
Демалыс күндерін есепке алғанда 1 күнде 8 сағаттан 120 құжаттама |
2 |
2 |
|||
4. Саябақ пен егілген ағаштарды малдардан қорғау |
Демалыс күндерін есепке алғанда 3 ай ішінде 8 сағаттан 960 сағат |
4 |
4 |
|||
3 |
Қазы ауылдық округі |
1. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру |
400 түп ағаш отырғызу, 3000 шаршы метр аумақты қоқыстан тазалау, 300 шаршы метр қарды тазалау, 700 түп ағаш әктеу мен кесу, 50 тірек бағандарын әктеу, 40 шаршы метр қоршауды жөндеу, күніне 8 сағаттан |
10 |
10 |
|
2. Учаскелік комиссияларға көмек көрсету |
166 ауланы аулалы және басқадай тексерістен өткізу |
1 |
1 |
|||
3. Жұмыс көлемі ұлғайған кезде ауылдық округтің әкімдіктерінде құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсету |
Демалыс күндерін есепке алғанда 6 ай ішінде 8 сағаттан 120 құжаттама |
1 |
1 |
|||
4 |
Қызылағаш ауылдық округі |
1. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру |
200 түп ағаш отырғызу, 10000 шаршы метр аумақты тазалау, 1000 түп ағаштарды кесу, 12000 түп ағаштарды әктеу, 300 шаршы метр қарды тазалау |
10 |
10 |
|
2. Жұмыс көлемі ұлғайған кезде ауылдық округтің әкімдіктерінде құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсету |
2 ай – 200 құжат |
1 |
1 |
|||
3. Саябақ пен егілген ағаштарды малдардан қорғау |
4 ай – 200 түп |
2 |
2 |
|||
5 |
Қызыләскер ауылдық округі |
1. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру |
1000 түп ағаш отырғызу, 900 шаршы метр аумақты тазалау, 610 шаршы метр қарды тазалау, 2000 түп ағашты әктеу, кесу, 170 тірек бағаналарын әктеу, 90 шаршы метр қоршауды жөндеу |
18 |
18 |
|
2. Учаскелік комиссияларға көмек көрсету |
430 ауланы аулалы және басқадай тексерістен өткізу |
2 |
2 |
|||
3. Жұмыс көлемі ұлғайған кезде ауылдық округтің әкімдіктерінде құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсету |
Демалыс күндерін есепке алғанда 1 күнде 8 сағаттан 61 құжаттама |
1 |
1 |
|||
4. Қоғамдық және әлеуметтік мәдени маңыздағы иесіз қалған объектілерді күзету |
Демалыс күндерін есепке алғанда 3 ай ішінде 8 сағаттан 960 сағат 2 адам |
2 |
2 |
|||
6 |
Лебяжі ауылдық округі |
1. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру |
7000 шаршы метр ауылды көгалдандыру мен санитарлық тазалау, 1000 шаршы метр қарды тазалау, 500 түп ағаш отырғызу және суару, 1200 түп ағаш әктеу, 200 тірек бағаналарын әктеу |
40 |
40 |
|
2. Учаскелік комиссияларға көмек көрсету |
789 ауланы аулалы және басқадай тексерістен өткізу |
4 |
4 |
|||
3. Жұмыс көлемі ұлғайған кезде ауылдық округтің әкімдіктерінде құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсету |
Демалыс күндерін есепке алғанда 6 ай ішінде 8 сағаттан 300 құжаттама |
6 |
6 |
|||
7 |
Майқарағай ауылдық округі |
1. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру |
500 түп ағаш отырғызу, 5000 шаршы метр аумақты тазалау, 800 шаршы метр қарды тазалау, 1500 түп ағашты әктеу, кесу, 110 тірек бағаналарын әктеу, 60 шаршы метр қоршауды жөндеу, күніне 8 сағаттан |
10 |
10 |
|
2. Учаскелік комиссияларға көмек көрсету |
208 ауланы аулалы және басқадай тексерістен өткізу |
1 |
1 |
|||
3. Жұмыс көлемі ұлғайған кезде ауылдық округтің әкімдіктерінде құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсет |
Демалыс күндерін есепке алғанда 6 ай ішінде 8 сағаттан 240 құжаттама |
2 |
2 |
|||
8 |
Малыбай ауылдық округі |
1. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру |
1000 шаршы метр аумақты қардан тазалау, жаңа орынға фонтанды көшіруге 280 м2 аумақты дайындау, ескі фонтанның орнын қоқыстан жинау 280 м2, 625 м2 аумақты жастарға арналған мини бақты құруға дайындау, жастар бағын көгалдандыру: 60 м2 сырлау, 150 м2 әктеу; 200 түп ағаш әктеу, 36 м2 автобустық әктеу, 1000 м2 жол бордюрлері мен қоршауларды әктеу, 600 м2 гүлзарларды отырғызу, 1000 м2 гүлзарлар мен ағаш бұтақтарын күту, 3000 м2 балалар алаңы, орталық алаңды тазалу және көгалдандыру, алаң, ескерткіштер, фонтан мен спорттық жабдықтардың қоршауылдарын сырлау, 100 түп ағашты көктемгі дайындаудан өткізу, 4 дана кепкен ағаштардан нысан кесу, 720 м2 шағын хоккей кортын құрастыруға орын дайындау |
13 |
13 |
|
2. Жұмыс көлемі ұлғайған кезде ауылдық округтің әкімдіктерінде құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсету |
Демалыс күндерін есепке алғанда 6 ай ішінде 8 сағаттан 250 құжаттама |
2 |
2 |
|||
9 |
Шақа ауылдық округі |
1. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру |
300 түп ағаштарды отырғызу, 4000 шаршы метр аумақты тазалау, 310 шаршы метр қарды тазалау, 800 түп ағаштарды әктеу, 800 түп ағаштарды кесу, 100 тірек бағаналарды әктеу, 66 шаршы метр қоршауды жөндеу күніне 8 сағаттан |
8 |
8 |
|
2. Учаскелік комиссияларға көмек көрсету |
246 ауланы аулалы және басқадай тексерістен өткізу |
1 |
1 |
|||
3. Жұмыс көлемі ұлғайған кезде ауылдық округтің әкімдіктерінде құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсету |
Демалыс күндерін есепке алғанда 6 ай ішінде 8 сағаттан 240 құжаттама |
1 |
1 |
|||
10 |
Шарбақты ауылдық округі |
1. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру |
700 түп ағаштарды отырғызу, 10000 шаршы метр аумақты тазалау, 800 шаршы метр қарды тазалау, 1800 түп ағаштарды әктеу, 1800 түп ағаштарды кесу, 150 тірек бағаналарды әктеу, 60 шаршы метр қоршауды жөндеу күніне 8 сағаттан |
21 |
21 |
|
2. Учаскелік комиссияларға көмек көрсету |
422 ауланы аулалы және басқадай тексерістен өткізу |
4 |
4 |
|||
3. Жұмыс көлемі ұлғайған кезде ауылдық округтің әкімдіктерінде құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсету |
Демалыс күндерін есепке алғанда 6 ай ішінде 8 сағаттан 240 құжаттама |
4 |
4 |
|||
11 |
Ямышево ауылдық округі |
1. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру |
300 түп ағаш отырғызу, 1000 түп ағаш кесу, 500 шаршы метр қарды тазалау, 9000 шаршы метр аумақты қоқыстан тазалау, 25 км трассаны тазалау, 100 тірек бағаналарды әктеу |
20 |
20 |
|
2. Учаскелік комиссияларға көмек көрсету |
Демалыс күндерін есепке алғанда 3 ай ішінде 8 сағаттан 140 құжаттама |
1 |
1 |
|||
3. Жұмыс көлемі ұлғайған кезде ауылдық округтің әкімдіктерінде құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсету |
2001 мен 2005 жылдар аралығындағы құжаттарды мұрағатқа тапсыруға дайындау демалыс күндерін есепкке алғанда 1 тоқсан ішінде 8 сағаттан 360 құжаттама |
2 |
2 |
|||
4. Саябақ пен егілген ағаштарды малдардан қорғау |
Демалыс күндерін есепке алғанда 3 ай ішінде 8 сағаттан |
3 |
3 |
|||
12 |
Аудан әкімдігі |
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық жәрдем |
Демалыс күндерін есепке алғанда 3 айдың ішінде 8 сағаттан 150 құжат |
2 |
2 |
|
13 |
Аудандық қаржы бөлімі |
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық жәрдем |
Демалыс күндерін есепке алғанда 3 айдың ішінде 8 сағаттан 150 құжат |
2 |
2 |
|
14 |
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі |
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық жәрдем |
Демалыс күндерін есепке алғанда 3 айдың ішінде 8 сағаттан 150 құжат |
2 |
2 |
Ескерту: Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес еңбек шарты негізінде реттеледі және орындалған жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне тәуелді