Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2012.02.07 N 52/2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-4) тармақшасына, 18-1 бабына сәйкес, нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуы мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 12 ақпандағы "Аудан халқының нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 23/2 қаулысына толықтырулар енгізу (N 12-11-106 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелді, 2009 жылғы 13 наурызда N 11 (7715) "Нива" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
1 қосымша 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 келесі мазмұнды тармақтармен толықтырылсын:
"4. Интернационалист жауынгерлер.
5. Мүгедектігі алынып тасталғаннан кейінгі тұлғалар.
6. Жанұяларында бірде жұмыс істейтін жұмыссыздар.
7. Жалпы білім беру мектеп, орта білім беру мекеме, жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім беру мекеме түлектері.
8. Заңды тұлға - жұмыс берушінің жойылуына, жеке тұлға - жұмыс берушінің қызметінің тоқталуына, жұмыскерлердің саны немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылған тұлғалар.
9. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балаларға арналған жәрдемақы алатыңдар.
10. Ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген жұмыссыздар".
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. А. Мұхамбетжановаға жүктелсін.
Аудан әкімі Т. Бастенов