Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық әкімі аппаратының 26.08.2014 N 1-18/555 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 5 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты тобына жататындардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Успен ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) жұмыс берушілермен (келісім бойынша) шарт бойынша тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын;
2) жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін шартты келісім бойынша және жұмыс берушінің өтінімі негізінде жасасын.
3. Успен ауданының "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарының аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде уақытылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудан әкімі Н. Әутәліпов
Успен ауданы әкімдігінің 2010 жылғы
11 қаңтар N 1/5 қаулысына
қосымша
Успен ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты
тобына жататындардың қосымша тізбесі
1. Дәрігерлік комиссияның анықтамасы бойынша еңбек етуге шектеуі бар адамдар.
2. Орта жастан жоғары адамдар (50 жастағы және одан жоғары).
3. Жұмыс өтілі және мамандығы жоқ адамдар.
4. Ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жылдан аса).
5. 24 жасқа дейінгі жастар.