Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық әкімі аппаратының 26.08.2014 N 1-18/555 хатымен).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының, 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы" Заңының 20 бабына, "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы мүгедектерін әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабының, 2 тармағының, 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" N 754 қаулысына, Успен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 жылға арналған Успен ауданының бюджеті туралы" N 108/19 шешіміне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Успен ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша комиссия құрамы бекітілсін (одан әрі - Комиссия).
Комиссия отырысы ай сайын өткізілсін.
2. Жекелеген әлеуметтік төлемге құқығы бар азаматтардың санаттары:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Социалистік Кеңес Одағы Республикаларының ордендерімен және медалдарымен марапатталған тұлғалар, Ұлы Отан соғысы жылдарында кем дегенде 6 ай жұмыс істегендер, ресми мәртебесі бар тұлғалар;
3) соғыс мүгедектері және олармен теңестірілген мүгедектердің екінші рет тұрмыс құрмаған әйелдері (күйеулері);
4) қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын жұмыстағы азаматтардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" және "Блокададағы Ленинград тұрғыны" медалімен марапатталған, азаматтардың, жалпы аурудың салдарынан мүгедек болып танылғандардың және басқа да себептері бар екінші рет тұрмыс құрмаған әйелдері (күйеулері);
5) 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін саналған осы кезеңдерге сәйкес қалаларда, қорғанысқа қатысқан, қызмет ететін армияның бөлімдерінде әскери қызметкерлер үшін белгіленген, қызмет еткен жылдарына жеңілдік беретін жағдайдағы зейнетақы тағайындау үшін, Совет Армиясының және Әскери-теңіз флотының өз еркімен жалданбалы құрамындағы тұлғалар, Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскер және ішкі істер органында, бұрынғы Социалистік Кеңес Одағы Республикаларының мемлекеттік қауіпсіздік органының тұлғалары, Ұлы Отан Соғысы кезеңіндегі армияның құрамына кіретін, әскери бөлімнің, штабтың, мекемелердің штаттық лауазымда болғандар;
6) бұрынғы Социалистік Кеңес Одағы Республикаларын қорғағанда алған, әскери қызметтегі басқа да міндеттерін атқарған кезде немесе майданда болғанына байланысты, шалдыққан ауруы бар, әскери қызметкерлер, жарақаты бар, контузияның, жарымжандығының себебінен мүгедек болған ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органының құрамына кіретін қатардағы және басқарушы тұлғалар;
7) Ұлы Отан соғысында қаза болғандар жауынгерлердің (қайтыс болғандардың, хабарсыз кеткендердің) екінші рет тұрмыс құрмаған жесірлері;
8) Ауған соғысында, бейбіт уақытта әскери қызметті өту барысында қаза тапқан (өлген) әскери қызметшілердің отбастары қаза болған жауынгерлердің ата-аналары, екінші рет тұрмыс құрмаған әйелі (күйеуі);
9) Ауған соғысының мүгедектері және қатысушылары, сонымен бірге басқа мемлекеттің аймағында болған басқа шайқастық қызметтерге қатысқандар;
10) Чернобыль атом электростанциясындағы апатты жоюға қатысқандар;
11) республикалық маңыздағы жеке зейнеткерлер;
12) қысылтаяң жағдайға тап болған (өрт, екі айдан аса ұзаққа созылған ауру немесе басқа да), жан басына шаққанда табысы аз күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;
13) "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бөлім) есебінде тұрған және әлеуметтік қызмет көрсетілетін жалғызбасты және жалғыз тұратын, зейнетақы төлемі зейнетақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын азаматтар;
14) ең төменгі мөлшердегі зейнетақы алатын зейнеткерлер;
15) Қазақстан Республикасы бекіткен зейнетақы төлемін жасына байланысты толық көлемде алмайтын, бірақ зейнетақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын зейнетақысы бар азаматтар;
16) жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтар;
17) бөлімнің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар;
18) бөлімнің есебінде тұрған жұмыссыздарды қайтыс болған кезде жерлейтіндер;
19) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар;
20) аз қамтамасыз етілген отбасының және жан басына шаққанда кірісі облыс бойынша белгіленген күнкөрістік шаманың (тиісті жылдың 2 тоқсаны) көлемінен аспайтын отбастарының студенттері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (мемлекеттік білім грантына ие болу конкурсынан өте алмаған) жетімдер, сонымен бірге облыс әкімінің грантымен облыстың жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастырушы студенттер;
21) үш жақты келісім шарт бойынша оқитын студенттер;
22) медициналық және педагогикалық мамандықтары бойынша жас мамандар, ауданға жұмыс үшін жаңадан келген дәрігерлер;
23) туберкулез ауруына шалдыққан тұлғалар;
24) онкологиялық ауруына шалдыққан тұлғалар;
25) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету, "бағдарламасы бойынша оқыту";
26) 1 айға дейінгі жаңа туған балалар;
27) жасанды тамақтандырылатын 1 жасқа дейінгі балалар;
28) жүкті әйелдер;
29) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
30) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери қызметін өтеп келгендер;
31) кірісі Қазақстан Республикасында бекітілген кедейлік шеңберінен аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтар.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2010.03.30 N 106/3; 2010.08.13 N 281/8 қаулыларымен.
3. Әлеуметтік көмек алу үшін әрбір санат бойынша осы қаулының 2 тармағында көрсетілген келесі құжаттарды бөлімге ұсыну қажет:
1) тармақша 1) көрсетілген санат үшін ай сайын – дәрі-дәрмек сатып алуға және тұрғын үй–коммуналдық қызметтерді төлеуге, мерзімді басылымдарға жазылу, тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, ҰОС Жеңісінің 65 жылдығы құрметіне арналған парадқа қатысуға костюм сатып алу үшін тегі, аты, әкесінің аты, алынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы түрі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінде немесе "Қазақстан Республикасы Халық банкі" акционерлік қоғамы филиалындағы жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш;
2) тармақшалар 1), 9), 10) көрсетілген санаттар үшін тісті протездеуге арналған бір жолғы төлем ақы үшін "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінде немесе "Қазақстан Республикасы Халық банкі" акционерлік қоғамы филиалындағы жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке бас куәлігінің көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, медицина мекемесінің тісті протездеу қажеттігі туралы анықтамас;
3) тармақшалар 1), 9), 10), 11) көрсетілген санаттар үшін – тоқсанда бір рет облыстық диагностикалық орталыққа бару және тұрғылықты тұрғын жеріне қайту жолақы шығындарын төлеу үшін;
4) тармақшалар 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) көрсетілген санаттар үшін – мерзімді басылымдарға жазылу үшін "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі;
5) тармақшалар 3), 7), 9), 10) көрсетілген санаттар үшін – тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін өтеу, тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ай сайын материалдық көмек үшін "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі;
6) тармақшалар 9), 10) көрсетілген санаттар үшін әр тоқсан сайын сауықтыруға материалдық көмек төлеу үшін "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының номері;
7) тармақша 12) көрсетілген санаттар үшін біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген өтініш, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, өрт бөлімінің, медицина мекемесінің және басқа да осыған сәйкес (өрт туралы, сырқат туралы және басқа да) органдардың анықтамасы, барлық отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтамалар, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмерінің көшірмесі;
8) тармақша 13) көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін өтеу үшін әр тоқсан сайын материалдық көмек, көмек қатты отынға біржолғы материалдық көмек - тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш;
9) тармақшалар 14), 15), 16) көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтер төлемін өтеу үшін әр тоқсан сайын материалдық көмек, Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамның филиалындағы жеке есепшотының нөмірі;
10) тармақша 17) көрсетілген санаттар үшін кәсіптік оқудан өту кезеңінде материалдық көмек төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, оқу кезеңін растайтын құжат көшірмелері;
11) тармақша 18) көрсетілген санаттар үшін жерлеуге біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, қайтыс болғаны туралы анықтама, қайтыс болған кезде есепте тұрған жағдайы туралы бөлімнің анықтамасы және азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі;
12) тармақша 19) көрсетілген санаттар үшін біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген өтініш;
13) тармақша 20) көрсетілген, санаттар үшін студенттердің облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуларына төлем ақы төлеу үшін, - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген студенттің өтініші, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, білім беру қызметтерін көрсетудің келісімшарты, әлеуметтік-тұрмыс жағдайларының тексеру актісі және жиынтық табысы туралы мәліметтер оқуды төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау кезінде бір рет ұсынылады;
14) тармақша 21) көрсетілген санаттар үшін жоғары медициналық оқу орындарындағы студенттердің оқуына төлем ақы төлеу үшін "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмелері, Успен ауданының әкімі, жоғары оқу орынының басшысы және студент қол қойған үш жақты келісім шарты;
15) тармақша 22) көрсетілген, санаттар үшін (ауданға жұмыс істеу үшін жаңадан келген дәрігерлер жоғары медициналық және педагогикалық оқу орындарын мамандықтарының түлектері ғана) – біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, ЖОО бітіргені туралы дипломының, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмелері;
16) тармақша 23) көрсетілген санаттар үшін – тексерілуге облыстық тубдиспансерге дейін жолақысын өтеу үшін материалдық көмек төлеуге; амбулаториялық емделудегі ауруларға тамақтану үшін ай сайын материалдық көмек "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген өтініш;
17) тармақша 24) көрсетілген,санаттар үшін біржолғы материалдық көмек төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген ауру адамның өтініші, сырқатты растайтын анықтама және азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмелері;
"Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" қазынашылық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға дейін және тұрғылықты тұрғын жеріне қайтқан жолақысының шығындарын төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген өтініш, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмелері, жеке куәлігінің көшірмесі және дәрігер-онкологтың кеңес беру қабылдауының көшірмесі, көліктің белгіленген жерге дейін және тұрғылықты тұрғын жеріне қайту жолақысының билеті. Жыл ішінде қайтадан өтініш берген жағдайда - өтініш, дәрігер-онкологтың кеңес беру қабылдау көшірмесі, көліктің белгіленген жерге дейін және тұрғылықты тұрғын жеріне қайтқан пайдаланған жолақы билеті;
18) тармақша 25) көрсетілген санаттар үшін біржолғы материалдық көмек төлеу үшін - 13 жасқа жеткен балаларға, компьютерлік техника сатып алу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген ата-анасының біреуінің (қамқоршысының) материалдық көмек тағайындалғаны туралы өтініші, баланың мүгедектігін растайтын құжат, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмелері, баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі;
19) тармақша 26) көрсетілген санаттар үшін 1 айлық жасқа толмаған балаға "Ана мен бала" дәрі қобдишасын сатып алу үшін босанған әйелдерге біржолғы көмек төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген өтініш;
20) тармақша 27) көрсетілген санаттар үшін – қолдан тамақтандырылатын, 1 жасқа дейінгі балаға ай сайын материалдық көмек төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы ата-анасының біреуінің жеке есепшотының нөмірі көрсетілген өтініш, баланың қолдан тамақтандырылатынын растайтын құжат, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмелері, баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі;
21) тармақша 28) көрсетілген санаттар үшін жүкті әйелдерге 12 аптаға дейін жүктілік мерзімімен есепке қойылған жағдайда біржолғы материалдық көмек үшін тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, үй мекенжайы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі", есепке алу жөніндегі медицина мекемесінен анықтама, акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш;
22) тармақша 29) көрсетілген санаттар үшін ай сайын материалдық көмек төлеу үшін – кірісі бекітілген кедейлік шегінен аспайтын, аз қамтамасыз етілген қамқоршыларға ұсынылған баланың және қамқоршының тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, үй мекенжайы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген өтініш, отбасының кірісі туралы анықтама;
23) тармақша 30) көрсетілген, санаттар үшін біржолғы жәрдемақы төлеу үшін – тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, үй мекенжайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген өтініш;
24) тармақша 31) көрсетілген санаттар үшін біржолғы материалдық жәрдем ақы төлеу үшін – қосалқы шаруашылықты дамытуға, қатты отын сатып алуға "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе "Қазақстан Республикасының Халық банкі" акционерлік қоғамының филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген материалдық көмек тағайындалғаны туралы өтініш, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмелері, отбасы мүшелерінің кірісі туралы анықтама, ауыл әкімдігінің учаскелік комиссиясы ұсынған отбасының материалды-тұрмыстық жағдайларының тексеру актісі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2010.03.30 N 106/3; 2010.08.13 N 281/8 қаулыларымен.
4. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік төлемдер тағайындасын және осы қаулының 2 тармағында көрсетілген азаматтар санатына келесі түрлері бойынша қызметтер көрсетілсін:
1) тармақша 1) көрсетілген, санаттар үшін – 6000 теңге сомасына азық-түлік жиынтығы (Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі қайтыс болған жағдайда жыл сайын 1 сәуірден бастап 9 мамырға дейінгі кезеңде азық-түлік жиынтығы отбасына беріледі), дәрі-дәрмек сатып алуға 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – аек) бойынша ай сайын төлем ақы, тұрғын үй-коммуналды қызметтерін төлеуге 6000 теңге, тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 100000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, тісті протездеуге арналған бір жолғы материалдық көмек 20 000 теңге көлемінде, ҰОС Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу құрметіне парад костюмын сатып алуға 120000 теңге;
2) тармақшалар 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8) көрсетілген санаттар үшін – мерзімді басылымдарға жазылыс үшін 3 аек мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
3) тармақша 3), 7) көрсетілген, санаттар үшін тұрғын үй-коммуналды қызметтерін төлеуге 1600 теңге мөлшерінде ай сайын материалдық көмек;
6000 теңге сомасына азық-түлік жиынтығы;
9 мамыр қарсаңында 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 50000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
9 мамыр қарсаңында 5000 теңге сомасында азық-түлік жиынтығы" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшалар 9), 10) көрсетілген, санаттар үшін – денсаулықты сауықтыруға 2 аек мөлшерінде әр тоқсан сайын материалдық көмек, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін төлеуге 1600 теңге мөлшерінде ай сайын материалдық көмек; тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 50000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек; мерзімді басылымдарға жазылу үшін 3 аек мөлшерде біржолғы материалдық көмек, тісті протездеуге арналған бір жолғы материалдық көмек 20 000 теңге;
әскерлердің Ауғанстаннан шығарылғанын күніне орай Ауған соғысында қатысқандарға 10 аек біржолғы материалдық көмек;
9 мамыр қарсаңында 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, 5000 теңге сомасында азық-түлік жиынтығы" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшалар 1), 9), 10), 11) көрсетілген санаттар үшін - жолақысына қолданыстағы тарифке сәйкес, өтініш бергеніне байланысты тоқсанда бір рет облыстық диагностикалық орталыққа жолақысының және тұрғылықты тұрғын жеріне қайту шығындарын төлеу;
6) тармақша 12) көрсетілген санаттар үшін – Комиссияның шешімі бойынша 30000 теңгеден аспайтын мөлшердегі біржолғы төлемдер;
7) тармақша 13) көрсетілген санаттар үшін – тоқсан сайын 2 аек мөлшеріндегі материалдық көмек;
қатты отын сатып алу үшін 6 аек мөлшеріндегі біржолғы материалдық көмек;
8) тармақшалар 14), 15), 16) көрсетілген санаттар үшін – тұрғын үй-коммуналды шығындарын төлеуге 2 аек мөлшерінде тоқсан сайын материалдық көмек, азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты 2 аек мөлшерінде тоқсан сайын материалдық көмек;
9) тармақшада 17) көрсетілген санаттар үшін – кәсіби оқудан өту кезеңінде 5 аек мөлшерде ай сайын материалдық көмек;
10) тармақша 18) көрсетілген санаттар үшін – Комиссияның шешімі бойынша жерлеуге 15 аек мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төлеу;
11) тармақша 19) көрсетілген санаттар үшін – 5 аек мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
12) тармақша 20) көрсетілген санаттар үшін төлем – облыстың жоғары оқу орындарындағы оқу үшін осыған сәйкес оқу орындағы нақты оқу төлемінің мөлшерінде, жоғары оқу орынның студенттері үшін – тұруға, тамақтануға және тұрған жеріне дейінгі жолақысына ай сайынғы әлеуметтік төлемдер - педагогикалық мамандықтар бойынша оқитындар үшін 7000 теңге мөлшерде, медициналық ЖОО оқитындар үшін оқу кезеңіне 10000 теңге мөлшерде;
13) тармақша 21) көрсетілген санаттар үшін – үш жақты келісім шарт бойынша оқитын жоғары медициналық оқу орынының студенттеріне оқу үшін төлем осыған сәйкес оқу орындағы нақты оқу төлемінің мөлшерінде;
14) тармақша 22) көрсетілген санаттар үшін - жоғары медициналық оқу орынының түлектеріне 100000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек; жоғары педагогикалық оқу орынының түлектеріне 50000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек; ауданға жұмыс істеу үшін жаңадан келген дәрігерлерге 500000 теңге мөлшерде;
15) тармақша 23) көрсетілген санаттар үшін – облыстық туберкулез диспансерде медициналық тексеруден міндетті түрде өтуіне байланысты жолақысының нақты төлемінің мөлшерінде жолақысы үшін төлем; амбулаториялық емдеудегі науқастарға тамақтануға 5 аек мөлшерде ай сайынғы материалдық көмек;
16) тармақша 24) көрсетілген санаттар үшін – 8 аек мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
"Павлодар облыстық онкологиялық диспансер" қазынашылық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға дейін және тұрғылықты тұрғын жеріне қайтқан жолақысының шығындарын жолақының нақты төлемінің мөлшерінде төлеу;
17) тармақша 25) көрсетілген санаттар үшін мүгедектер күніне орай 5000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
13 жасқа жеткен балаларға компьютерлік техника сатып алу үшін 100000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
18) тармақша 26) көрсетілген санаттар үшін 1500 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
19) тармақша 27) көрсетілген санаттар үшін ай сайынғы 5 аек мөлшерде материалдық көмек;
20) тармақша 28) көрсетілген санаттар үшін 5 аек мөлшерде бір жолғы материалдық көмек;
21) тармақша 29) көрсетілген санаттар үшін азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты 2 аек мөлшерінде тоқсан сайын материалдық көмек;
22) тармақша 30) көрсетілген санаттар үшін - 3 аек мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
23) тармақша 31) көрсетілген санаттар үшін қосалқы шаруашылығын дамытуға факті бойынша біржолғы материалдық көмек; қатты отын сатып алуға 10000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
24) 5), 6) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін - 9 мамыр қарсаңында 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек";
тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 50000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
9 мамыр қарсаңында 5000 теңге сомасында азық-түлік жиынтығы;
25) 8 тармақшада көрсетілген санаттар үшін:
9 мамырға 10000 теңге сомасында бір жолғы материалдық көмек;
2 АЕК мөлшерінде сауықтыруға арналған тоқсан сайынғы материалдық көмек;
тұрғын үй, коммуналдық қызметті төлеу үшін 1600 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
мерзімді баспа сөзге жазылу үшін 3 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2010.03.30 N 106/3; 2010.08.13 N 281/8 қаулыларымен.
5. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастар таралады.
6. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 2010 жылға арналған аудан бюджетінің щеңберінде жүзеге асырылады.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Н. Әутәліпов
Успен ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 26 қаңтар
N 13/1 қаулысына
қосымша
Успен ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның құрамы
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2010.08.13 N 281/8 қаулысымен.
Альмира Аманқызы Дисюпова |
- аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы; |
Фергалюк Евгений Леонидович |
- Успен ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы; |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
Белая Любовь Ивановна |
- Успен ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы (келісім бойынша); |
Жүніспаева Сәуле Олжабайқызы |
- "Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Цымбал Екатерина Владимировна |
- "Успен ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Сергей Иванович Саламацкий |
- Успен ауылдық округінің әкімі; |
Қарлығаш Манарбекқызы Разиева |
- Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Успен аудандық орталық емханасы" коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны бастығының міндетін атқарушы (келісі бойынша). |