Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы "2010 жылы Успен аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 13/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 13 тамыздағы N 281/8 қаулысы. Павлодар облысы Успен ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қыркүйекте N 12-12-97 тіркелген Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық әкімі аппарат басшысының 2014 жылғы 24 қазандағы N 1-18/672 хатымен)

     Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық әкімі аппарат басшысының 24.10.2014 N 1-18/672 хатымен).
      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы "2010 жылы Успен аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 13/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-12-89 тіркелген, 2010 жылғы 27 ақпандағы "Сельские будни" газетіне жарияланған) (бұдан әрі – Қаулы) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Қаулымен бекітілген Успен ауданының жекелеген азаматтарда әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның жеке құрамына келесі өзгеріс енгізілсін:
      Комиссия құрамынан Шаихова Гүлнәр Жапарқызы шығарылсын;
      аудан әкімінің орынбасары Альмира Аманқызы Дисюпова комиссия төрайымы болып енгізілсін;
      Комиссия құрамына Успен ауылдық округінің әкімі Сергей Иванович Саламацкий, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Успен аудандық орталық емханасы" коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны бастығының міндетін атқарушы Қарлығаш Манарбекқызы Разиева (келісі бойынша) енгізілсін;
      қаулының 2 тармағы 25) тармақшасындағы "18 жасқа дейінгі мүгедек балалар" сөзінен кейін "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету, "бағдарламасы бойынша оқыту": сөзімен толықтырылсын;
       3 тармақтың 3) тармақшасындағы "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөліміне немесе Қазақстан Республикасының Халық банкі АҚ филиалындағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген өтініш, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесін, автомобиль көлігінің белгіленген жерге дейін және тұрғылықты тұрғын жеріне қайтқан билеті, жеке бас куалігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмерінің көширмесі" сөзі алынып тасталсын.
       4 тармақтың 14) тармақшасында "жоғары медициналық оқу орынының түлектеріне 500000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек; жоғары педагогикалық оқу орынының түлектеріне 100000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек", сөзі "жоғары медициналық оқу орынының түлектеріне 100000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек; жоғары педагогикалық оқу орынының түлектеріне 50000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң күшіне етеді.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Дисюповаға жүктелсін.
 
 

      Аудан әкімі м.а. С. Жанғазинов
      Келісілді
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар
облыстық денсаулық сақтау
басқармасының "Успен аудандық
орталық емханасы" коммуналды мемлекеттік
қазыналық кәсіпорыны бастығының
міндетін атқарушы
2010 ж. 12 тамыз Қ. Разиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады