Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларын ұйымдастыру туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 78/2 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 мамырда N 12-13-104 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі N 338/8 қаулысымен

      Ескерту. Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 23.09.2013 N 338/8 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 120 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бап 1 тармақ 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5 бап 2)11) тармақшаларына сәйкес халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету шараларын кеңейту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы тарнсферттері мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" N 259 қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жастар тәжірибесі" бағдарламасын кеңейту мақсатымен бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің жас түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің жас түлектеріне Жастар тәжірибесін ұйымдастырудың Ережелері бекітілсін.
      3. Жастар тәжірибесіне қатысушы оқу мекемелері түлектерінің еңбекақысы республикалық трансферттер есебінен төленеді.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.

      Аудан әкімінің
      міндеттерін атқарушы                       Г. Теміржанова

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 14 сәуірде  
N 78/2 қаулысымен    
бекітілді      

Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің
түлектері үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру Ережелері

1. Жалпы жағдайлар

      1. Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері үшін жастар практикасын ұйымдастыру Ережелері бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің (одан әрі – Кәсіптік білім беру мекемелері) жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, олардың практикалық машық, тәжірибе, білім алу мақсатында әзірленген. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бағыты және оларды жұмысқа орналастыру бойынша қосымша шара болып табылады.
      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 - ІІІ еңбек кодексіне сәйкес әзірленген.
      3. Ереже Кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген Шарбақты ауданының жұмыспен қамту бойынша өкілетті органында тіркеуде тұрған жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру тәртібін анықтайды (одан әрі - Өкілетті органы).
      4. Жастар тәжірибесі меншік құрылымына қатыссыз аудан кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарында ұйымдастырылады және өткізіледі (одан әрі – Жұмыс беруші). Өкілетті органы Жұмыс берушімен шарт негізінде бірлесіп жұмыс істейді.
      5. Өкілетті органы Кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген жұмыссыз түлектер санын анықтайды, оларды еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды және жұмыссыз жастар құрамын ескере отырып жастар тәжірибесіне жібереді.

2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

      6. Өкілетті органы есепте тұрған жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша еңбек нарығындағы жағдайды зерттеу негізінде Кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген жұмыссыз азаматтарды жастар тәжірибесіне жұмысқа жіберілетіндердің жалпы санын анықтайды.
      7. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде жұмыссыз жастар үшін келесі белгілер ескеріледі:
      1) жұмыссыз азаматтардың жалпы саны – Кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері және Өкілетті органында тіркеуде тұрған жалпы жұмыссыздардың жалпы санының үлесі;
      2) кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерінде оларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін төмендететін еңбек өтілі, жұмыс істеу дағдысының болмауы.
      8. Өкілетті органы әрі қарай даму, еңбек өнімін кеңейту және жастар тәжірибесін өткеннен кейін жұмыссыздарды уақытша немесе бос жұмыс орны болған жағдайда тұрақты жұмысқа қабылдау келешегі бар Жұмыс берушілер туралы ақпарат жинау жұмысын жүзеге асырады.
      9. Өкілетті органы Жұмыс берушінің кадрларға мұқтаждығы туралы ақпаратты зерттеу негізінде жұмыссыз жас азаматтар – Кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері арасынан олардың жастар тәжірибесіне қатысулары үшін үміткерлерді іріктеу жұмыстарын жүргізеді.
      10. Үміткерлерді іріктеу кезінде келесі белгілер ескеріледі:
      1) қатысушыларды іріктеу кезінде лайықты жұмыстың болмауы;
      2) жастар тәжірибесіне қатысуға басымдылық құқығын  еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығы бар кәсіптік мектеп және лицейлердің түлектері иеленеді;
      3) жастар тәжірибесіне қатысу құқығы оқу мекемесін 2010 жылы бітірген түлектерге беріледі.
      11. Жұмыссыз азаматтардың – Кәсіптік білім беру мекемелерінің жастар тәжірибесіне қатысулары жұмыссыз есебінде тіркеуге тұрған күннен бастап кезекке қойылу тәртібімен жүргізіледі.
      12. Жастар тәжірибесі аясында Жұмыссыз жүрген кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектеріне уақытша жұмыс орнын ұсынуға ниет білдірген жұмыс беруші Өкілетті органымен тиісті шарт жасайды. Шартта жұмысқа қабылданатын жұмыссыздар саны, жұмыс беруші жұмысқа қабылдайтын мамандықтар тізілімі, жастар тәжірибесіне қатысушыларды  мамандықтарына сәйкес кәсіптік білім, білік және дағдымен қамтамасыз ету міндеттемесі қарастырылады. Шарт алты айдан кем емес мерзімге жасалады.
      13. Жасалған шартқа сәйкес Өкілетті органы жұмыссыздың келісімімен оған Жұмыс берушіге жұмысқа тұруға жолдама береді.
      14. Жұмыс беруші және Өкілетті органы Кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыруға шарт жасайды.

3. Қаржыландыру

      15. Жастар тәжірибесін өткізу бойынша шараларды қаржыландыру республикалық бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
      16. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысын төлемін Өкілетті органы "2010 жылғы 18 қаңтардағы N 2 мақсатты трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім" негізінде ай сайын кемінде 20,0 мың теңге мөлшерінде жүргізеді.
      17. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы Жұмыс берушінің есепшоттарына ақшалай қаржы аудару арқылы жүзеге асырады.
      18. Атқарылған жұмыстың саны, сапасы және күрделілігіне байланысты Жұмыс беруші өз есебінен осы мекемеде немесе ұйымда қолданылып жүрген бағалау бойынша нақты атқарылған жұмыстарға қосымша ақы төлеуге құқылы.

4. Тәжірибені ұйымдастыру және қаржыландыруды бақылау

      19. Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыруды бақылауды Шарбақты ауданының жұмыспен қамту мәселелері бойынша Өкілетті органы жүзеге асырады.

Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования

Постановление акимата Щербактинского района Павлодарской области от 14 апреля 2010 года N 78/2. Зарегистрировано Управлением юстиции Щербактинского района Павлодарской области 17 мая 2010 года N 12-13-104. Утратило силу постановлением акимата Щербактинского района Павлодарской области от 23 сентября 2013 года N 338/8

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Щербактинского района Павлодарской области от 23.09.2013 N 338/8.

      В соответствии со статьей 120 Трудового кодекса Республики Казахстан, с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", подпунктами 20, 11) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2004 года "О государственной молодежной политике в Республике Казахстан" в целях расширения мер по содействию занятости населения, постановления Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2010 года N 259 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов и целевых трансфертов на развитие областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы, и средств, выделяемых республиканским организациям в рамках реализации стратегии региональной занятости и переподготовки кадров" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В целях расширения программы "Молодежная практика" организовать рабочие места для трудоустройства выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования.
      2. Утвердить Правила организации молодежной практики для выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования.
      3. Расходы на оплату труда выпускникам учебных заведений, участвующих в молодежной практике, выплачивается за счет республиканских трансфертов.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      5. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Темиржанову Гульстан Сагинтаевну.

      Исполняющая обязанности
      акима района                               Г. Темиржанова

Утверждено      
постановлением акимата  
Щербактинского района   
от 14 апреля 2010 года N 78/2

Правила организации молодежной практики для выпускников
учебных заведений начального, среднего и высшего
профессионального образования

1. Общие положения

      1. Правила организации молодежной практики для выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования разработаны для расширения возможностей трудоустройства безработных выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования (далее-Профессиональные учебные заведения), в целях приобретения ими практического опыта, знаний, умений и навыков. Организация молодежной практики является одним из направлений социальной защиты безработных граждан и дополнительной мерой содействия их трудоустройству.
      2. Наcтоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 149 "О занятости населения" и Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года N 251-III.
      3. Правила определяют порядок организации молодежной практики для безработной молодежи, окончившей Профессиональные учебные заведения, зарегистрированной в уполномоченном органе по вопросам занятости Щербактинского района (далее - Уполномоченный орган).
      4. Молодежная практика организуется и проводится на предприятиях, в учреждениях и организациях района вне зависимости от форм собственности (далее – Работодатель). Уполномоченный орган взаимодействует с Работодателями на договорной основе.
      5. Уполномоченный орган определяет численность безработных выпускников Профессиональных учебных заведений для направления их на молодежную практику, учитывая ситуацию, сложившуюся на рынке труда и состав безработной молодежи.

2. Организация молодежной практики

      6. Уполномоченный орган на основе анализа ситуации, сложившейся на рынке труда, по трудоустройству молодежи, состоящей на учете, определяет численное количество направляемых на молодежную практику безработных граждан – выпускников профессиональных учебных заведений.
      7. При организации молодежной практики для безработной молодежи учитываются следующие критерии:
      1) численность безработных граждан – выпускников Профессиональных учебных заведений и их доля в общей численности безработных, зарегистрированных в уполномоченном органе;
      2) отсутствие у выпускников Профессиональных учебных заведений трудового стажа, навыков в работе, что снижает возможность их трудоустройства.
      8. Уполномоченный орган осуществляет работу по сбору информации о Работодателях, имеющих перспективы дальнейшего развития, расширения производства и возможность принятия безработных после прохождения молодежной практики на временную и при наличии вакансий на постоянную работу.
      9. На основе анализа информации о потребности Работодателя в кадрах Уполномоченный орган проводит подбор безработных граждан среди молодежи - Профессиональных учебных заведений для их участия в молодежной практике.
      10. При подборе кандидатов учитываются следующие критерии:
      1) отсутствие на период подбора участников подходящей для них работы;
      2) право в приоритетном порядке участвовать в молодежной практике имеют выпускники высших учебных заведений, профессиональных школ и лицеев, имеющие рабочую профессию, востребованную на рынке труда;
      3) право принять участие в молодежной практике имеют выпускники учебных заведений 2010 года.
      11. Участие безработных граждан - выпускников Профессиональных учебных заведений в молодежной практике осуществляется в порядке очередности согласно дате регистрации в качестве безработного.
      12. Работодатель, изъявивший желание предоставить временные рабочие места безработным - выпускников Профессиональных учебных заведений в рамках молодежной практики, заключает соответствующий договор с Уполномоченным органом. Договор предусматривает количество принимаемых на работу безработных, перечень профессий (специальностей), по которым Работодатель принимает на работу, обязательства обеспечения участников молодежной практики профессиональными знаниями, умениями и навыками в соответствии с их профессией. Договор заключается на срок не более шести месяцев.
      13. В соответствии с заключенным договором Уполномоченный орган с согласия безработного выдает ему направление к Работодателю.
      14. Работодатель и Уполномоченный орган заключают договор на организацию молодежной практики для выпускников Профессиональных учебных заведений.

3. Финансирование

      15. Финансирование мероприятий по проведению осуществляется за счет средств республиканского бюджета.
      16. Оплата труда участников молодежной практике производится Уполномоченным органом на основании "Соглашения о результатах по целевым трансфертам N 2 от 18.01.2010 года" в размере не менее 20,0 тыс.тенге в месяц.
      17. Оплата труда участников молодежной практики осуществляется путем перечисления денежных средств на расчетные счета Работодателя.
      18. В зависимости от количества, качества и сложности выполняемой работы Работодатель за счет собственных средств вправе устанавливать дополнительные надбавки за фактически выполненную работу по действующим на данном предприятии или в организации расценкам.

4. Контроль за организацией и финансированием практики

      19. Контроль за порядком организации и финансированием молодежной практики осуществляется Уполномоченным органом по вопросам занятости Щербактинского района.