Ескерту. Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 23.09.2013 N 338/8 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 120 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бап 1 тармақ 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5 бап 2), 11) тармақшаларына сәйкес халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету шараларын кеңейту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы тарнсферттері мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" N 259 қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жастар тәжірибесі" бағдарламасын кеңейту мақсатымен бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің жас түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
2. Орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің жас түлектеріне Жастар тәжірибесін ұйымдастырудың Ережелері бекітілсін.
3. Жастар тәжірибесіне қатысушы оқу мекемелері түлектерінің еңбекақысы республикалық трансферттер есебінен төленеді.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.
Аудан әкімінің
міндеттерін атқарушы Г. Теміржанова
Шарбақты ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 14 сәуірде
N 78/2 қаулысымен
бекітілді
Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің
түлектері үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру Ережелері
1. Жалпы жағдайлар
1. Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері үшін жастар практикасын ұйымдастыру Ережелері бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің (одан әрі – Кәсіптік білім беру мекемелері) жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, олардың практикалық машық, тәжірибе, білім алу мақсатында әзірленген. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бағыты және оларды жұмысқа орналастыру бойынша қосымша шара болып табылады.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 - ІІІ еңбек кодексіне сәйкес әзірленген.
3. Ереже Кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген Шарбақты ауданының жұмыспен қамту бойынша өкілетті органында тіркеуде тұрған жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру тәртібін анықтайды (одан әрі - Өкілетті органы).
4. Жастар тәжірибесі меншік құрылымына қатыссыз аудан кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарында ұйымдастырылады және өткізіледі (одан әрі – Жұмыс беруші). Өкілетті органы Жұмыс берушімен шарт негізінде бірлесіп жұмыс істейді.
5. Өкілетті органы Кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген жұмыссыз түлектер санын анықтайды, оларды еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды және жұмыссыз жастар құрамын ескере отырып жастар тәжірибесіне жібереді.
2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру
6. Өкілетті органы есепте тұрған жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша еңбек нарығындағы жағдайды зерттеу негізінде Кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген жұмыссыз азаматтарды жастар тәжірибесіне жұмысқа жіберілетіндердің жалпы санын анықтайды.
7. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде жұмыссыз жастар үшін келесі белгілер ескеріледі:
1) жұмыссыз азаматтардың жалпы саны – Кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері және Өкілетті органында тіркеуде тұрған жалпы жұмыссыздардың жалпы санының үлесі;
2) кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерінде оларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін төмендететін еңбек өтілі, жұмыс істеу дағдысының болмауы.
8. Өкілетті органы әрі қарай даму, еңбек өнімін кеңейту және жастар тәжірибесін өткеннен кейін жұмыссыздарды уақытша немесе бос жұмыс орны болған жағдайда тұрақты жұмысқа қабылдау келешегі бар Жұмыс берушілер туралы ақпарат жинау жұмысын жүзеге асырады.
9. Өкілетті органы Жұмыс берушінің кадрларға мұқтаждығы туралы ақпаратты зерттеу негізінде жұмыссыз жас азаматтар – Кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері арасынан олардың жастар тәжірибесіне қатысулары үшін үміткерлерді іріктеу жұмыстарын жүргізеді.
10. Үміткерлерді іріктеу кезінде келесі белгілер ескеріледі:
1) қатысушыларды іріктеу кезінде лайықты жұмыстың болмауы;
2) жастар тәжірибесіне қатысуға басымдылық құқығын еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығы бар кәсіптік мектеп және лицейлердің түлектері иеленеді;
3) жастар тәжірибесіне қатысу құқығы оқу мекемесін 2010 жылы бітірген түлектерге беріледі.
11. Жұмыссыз азаматтардың – Кәсіптік білім беру мекемелерінің жастар тәжірибесіне қатысулары жұмыссыз есебінде тіркеуге тұрған күннен бастап кезекке қойылу тәртібімен жүргізіледі.
12. Жастар тәжірибесі аясында Жұмыссыз жүрген кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектеріне уақытша жұмыс орнын ұсынуға ниет білдірген жұмыс беруші Өкілетті органымен тиісті шарт жасайды. Шартта жұмысқа қабылданатын жұмыссыздар саны, жұмыс беруші жұмысқа қабылдайтын мамандықтар тізілімі, жастар тәжірибесіне қатысушыларды мамандықтарына сәйкес кәсіптік білім, білік және дағдымен қамтамасыз ету міндеттемесі қарастырылады. Шарт алты айдан кем емес мерзімге жасалады.
13. Жасалған шартқа сәйкес Өкілетті органы жұмыссыздың келісімімен оған Жұмыс берушіге жұмысқа тұруға жолдама береді.
14. Жұмыс беруші және Өкілетті органы Кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыруға шарт жасайды.
3. Қаржыландыру
15. Жастар тәжірибесін өткізу бойынша шараларды қаржыландыру республикалық бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
16. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысын төлемін Өкілетті органы "2010 жылғы 18 қаңтардағы N 2 мақсатты трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім" негізінде ай сайын кемінде 20,0 мың теңге мөлшерінде жүргізеді.
17. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы Жұмыс берушінің есепшоттарына ақшалай қаржы аудару арқылы жүзеге асырады.
18. Атқарылған жұмыстың саны, сапасы және күрделілігіне байланысты Жұмыс беруші өз есебінен осы мекемеде немесе ұйымда қолданылып жүрген бағалау бойынша нақты атқарылған жұмыстарға қосымша ақы төлеуге құқылы.
4. Тәжірибені ұйымдастыру және қаржыландыруды бақылау
19. Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыруды бақылауды Шарбақты ауданының жұмыспен қамту мәселелері бойынша Өкілетті органы жүзеге асырады.