Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 19.03.2013 N 1325 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су кодексінің 92-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оны алғаш ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың |
Е. Әбиев |
Облыстық мәслихаттың 2010 ж. |
Солтүстік Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі
Солтүстік Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) қауіпсіз су пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су кодексінің 92-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу тәртібін айқындайды.
2. Ереже халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға, сонымен қатар өз қажеттіліктері үшін ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін су көздерін пайдаланатын заңды және жеке тұлғаларға таратылады.
3. Ережеде келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау – ауыз суды жалпы пайдалану үшін ашық немесе жеке пайдаланудағы жұмсау орындарына бермей, оны алуға арналған құрылыстарды пайдалану;
2) ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау – сумен жабдықтау құрылғылар мен көздерін күзетуді, таңдауды, сумен жабдықтау жүйесін жобалауды, құрылысын, пайдалануды, ауыз суды алу, даярлау, сақтау, тұтыну орындарына беруді іске асыруды өзіне енгізетін тұтынушыларды ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
3) су алу құрылысы – су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;
4) шахта құдығы – сумен жабдықтау мақсатында жерасты суларын алу үшін құрылған тереңдігі көлденең кесігінен үлкенірек тік тау-кен қазындысы;
5) құбырлы құдық – қапталы құбырмен бекітілген цилиндрлі тік каналдар түріндегі суды тартуға арналған құрылыс;
6) шегендеу құрылысы – табиғи жолмен шығып жатқан жер асты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетіне шығарылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс;
7) ұңғыма – жер асты суларын жер бетіне шығаруға арналған қондырғы;
8) бұлақ – жер асты суларының жер бетіне табиғи, шоғырланып шығуы;
9) су объектілері – шекарасы, көлемі және су режимі бар жерлердің жер қойнауы мен құрлық бетіндегі бедерінде судың жиналуы. Олар: теңіздер, өзендер, оларға теңестірілген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үсті су объектілері, жер асты сулары бар жер қойнауы бөліктері;
10) су объектілерін пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су объектілерінің пайдалы табиғи қасиеттерін алу;
11) жер үсті су объектілері – шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
12) жер асты сулары – жер қойнауында жатқан және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес пайдаланылатын пайдалы қазба;
13) жерасты шаруашылық-ауыз сулары – өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жер асты сулары.
2. Орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде су алу үшін ғимараттар құрылысына жер учаскесін таңдау
4. Ғимараттар құрылысына жер учаскесін таңдау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 554 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету, мәдени-тұрмыстық сумен пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» нормаларына және санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Ұңғымалар, құдықтар және бұлақтарды шегендеу құрылысы үшін орынды таңдау геологиялық және гидрогеологиялық мәліметтер негізінде белгіленген тәртіпте жүргізілуі тиіс.
6. Құдықтар мен бұлақтарды шегендеу құрылысы үшін орындар ластанудың қазіргі уақытта бар немесе ықтимал көздерінен (жиналған, күрелген қоқыс төгілетін орлар, тыңайтқыштар мен улы химикаттар қоймасы, өнеркісіп ұйымдары, кәріз құрылыстары, ескі қараусыз қалған құдықтар, мал қоралары мен адамдар және малдарды жерлеу орындары) жер асты суының тасқыны бойынша 50 метрден кем емес биік шалғай ласталмаған учаскелерде таңдалуы тиіс.
7. Су алу құрылыстарын орналастыру мыналарда рұқсат етілмейді: тасқын судың астында қалған учаскелерде, төмен, шалшықтанған орындарда, жер қыртысы өзгеруінің кез келген түріне ұшырайтын орындарда, көліктің қарқынды қозғалысы бар магистральдардан 30 метр жақын.
3. Солтүстік Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу және пайдалану шарттары
8. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су объектілерінен су алғанда, арнайы су пайдалануға рұқсат алу талап етілмейді.
9. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін жер асты суларын алу арнайы су алу құрылыстарын (ажыратылған желілері жоқ ұңғымаларды, шахта және құбырлы құдықтарды, бұлақтардың шегендеу құрылыстарын) орнату жолымен жүзеге асырылады.
10. Сорғымен су алу құрылыстарын пайдалану арқылы халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін жер үсті су объектілерінен су алу кезінде балық қорғау құрылғылары орнатылады.
11. Ұңғымаларды, құбырлы және шахта құдықтары бұлақтарының шегендеулерін орнатуды және пайдалану шарттарын, сонымен қатар оларға іргелес аумақтарды жайластыруды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 554 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге, мәдени-тұрмыстық сумен пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларына сәйкес іске асыру қажет.
11-1. Ұңғымаларға қойылатын талаптар:
1) скважиналарды бұрғылау және орнату қазіргі құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сай жүргізілуі тиісті;
2) скважинаның конструкциясы судың дебитін өлшеуіне, сынамаларды алуына және жөндеу-қалыптастыру жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндік беруі керек;
3) скважинаның үстіңгі бөлігі жер бетіндегі павильонда немесе жер асты камерасында орналастырылуы тиісті. Олардың биіктігі 2,4 м кем болмауы керек. Су беруші құбырлар еденнен ең кемінде 0,5 м биік орналасуы қажет;
4) скважинаның бас бөлігінің конструкциясы жер беткі сулары мен ластардың оның құбырлар арасындағы және құбырлар сыртындағы кеңістікке өтуін болдырмайтындай толық оқшаулануын қамтамасыз етуі керек;
5) төңірегіндегі аумақта скважинаны санитарлық қорғау аймақтары қарастырылып, жер асты суларын ластардан қорғау шаралары жүргізілуі тиісті.
11-2. Құбырлы құдықтарға қойылатын талаптар:
1) құбырлы құдықтарды орнату кезінде үстіңгі жағынан су өткізбеуші тау жыныстарымен қорғалған су горизонттары қолданылуы керек;
2) құбырлы құдықтың үстіңгі (бас) бөлігі жер бетінен 0,8-1,0 м жоғары орналасып, оқшауланып жабылып, қаптаумен және шелекке арналған ілмесі бар су ағатын құбырмен жабдықталуы қажет.
11-3. Шахтылы құдықтарға қойылатын талаптар:
1) шахтылы құдық ең жоғары орналасқан қысымды емес жер асты су горизонтынан суды алу үшін жасалады және құрамына бас бөлігі, дің (ствол) және суды қабылдау камерасы кіретін, шеңберлі немесе квадрат түріндегі шахты болып табылады;
2) құдықтың жер беткі (бас) бөлігі жер бетінен ең кемінде 0,7-0,8 м биік орналасуы керек, қақпамен немесе люкпен жабылатын темірбетонды жапқышпен жабдықталады, құдықтың жер бетіндегі барлық бөлігі қалқамен немесе күркемен жабылады;
3) құдықтың бас бөлігінің айналасында иленген және тығыздалған саздан немесе майлы саздақтан тереңдігі 2 м және ені 1 м нығыздалған болу керек;
4) құдықтың айналасы қоршалуы және шелектер үшін орындық орнату арқылы тастан, кірпіштен, бетоннан немесе асфальттан радиусы ең кемінде 2 м, құдықтан еңістігі 0,1 м отмостка жасалуы керек;
5) төгілген суды құдықтан әрі қарай әкетуіне арналған жыра жасалады;
6) шахтының іргелері тығыз болып, жер беткі және жоғары жатқан жер асты суларын құдыққа өткізбейтіндей оқшаулану керек;
7) шахтылы құдықтан суды көтеру үшін әртүрлі конструкциялы насостарды (қолдық немесе электрлік) қолдану керек, бір немесе екі жақтан бұрайтын бұрғаларды қолдануға рұқсат етіледі.
11-4. Бұлақ каптаждарына қойылатын талаптар:
1) жоғары көтерілуші бұлақтың суын жинау каптажды камераның түбі арқылы, ал төмен түсуші бұлақтардың суын-камераның іргесіндегі тесіктері арқылы жүргізіледі;
2) құдықтан суды алу үшін қоғамдық шелектер, насостар қолданылуы керек, құдықтан (каптаждан) суды тұрғындардың әкелген шелектерімен алуына рұқсат етілмейді;
3) құдықтың (каптаждың) жанындағы аумақ қоршалып және көркейтіліп, әрқашанда таза ұсталуы, төгілген сулар әрі әкетілуі, мұздарын жарып, шығарылып тұруы керек;
4) құдықтың (каптаждың) маңайында радиусы 20 метрден жақын жерде кірді жууға және шаюға, машина мен әртүрлі заттарды жууға, малды суаруға рұқсат етілмейді;
5) құдықтағы суды қыста қатып қалуынан қорғау үшін таза сабан, шөп, жоңқалар қолданылады, олар құдыққа (каптажға) түспейтін болуы керек. Осы мақсат үшін көңді, шынымақталарды және басқа синтетикалық материалдарды қолдануға рұқсат етілмейді;
6) жылына ең кемінде бір рет құдықтар (каптаждар) лайдан тазартылып, құрылымдарына, жабдықтарына жөндеулер жүргізілуі керек.
12. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде су алу үшін пайдаланылатын су объектілері суының сапасы қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі қажет.
13. Ауыз сумен жабдықтауға арналған көздің жарамдылығы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органмен анықталады.
4. Орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын жер үсті және жер асты су объектілерін тіркеу
14. Орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде су объектілерін тіркеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген «Орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын жер үсті және жер асты су объектілерін тіркеу Ережесіне» сәйкес жүргізіледі, бұнда тіркеу үшін қажетті құжаттар пакеті мен тәртібі айқындалған.
15. Тіркеу жергілікті атқарушы органға тиісті су объектілерінің орналасқан орны бойынша міндетті түрде су объектісінің санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органында және орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз үшін су объектісін пайдалану мүмкіндігіне су қорын пайдалану және қорғау нысанындағы аумақтық уәкілетті органмен келісіліп, жергілікті атқарушы органмен, яғни аудан, қала әкімдіктерімен жүргізіледі.
16. Үй жанындағы телімде және саяжай учаскесінде өз қажеттілігі үшін су алуды тіркеу талап етілмейді.
17. Тіркелетін су объектілерінің есебі осы Ереженің 1 қосымшасына сай су объектілері бойынша деректер базасын жүргізу жолымен жергілікті атқарушы органдармен жүргізіледі.
18. Орындарда су объектілерін тіркеуді іске асыратын жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 1 ақпанға дейін 2 қосымшаға сай, Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына су объектілерін есепке алу бойынша мәліметтерді ұсынады.
Солтүстік Қазақстан облысының халқын |
Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде су алуға арналған су объектілерін тіркеу ЖУРНАЛЫ _______________________________________________________________ (аудан, елді мекен)
Құжат |
Тіркеу № |
Мемлекеттік |
Орналас |
Су |
Су пайдала |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
№,№ |
датасы |
|||||
кестенің жалғасы
Алынған |
Мемсанэпидқа |
Есіл бассейндік |
Су объектісін |
|||
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
№,№ |
датасы |
№,№ |
датасы |
№,№ |
датасы |
|
Солтүстік Қазақстан облысының халқын |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде су алу үшін пайдаланылатын су объектілерін есепке алу жөніндегі мәліметтер
№ |
Аудан, |
Заңды және жеке тұлғалар |
Орталық |
Су |
|
тәулігіне 50 м3 |
тәулігіне 50 м3 |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |