«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою үшін қала әкімі ШЕШТІ:
1. Тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын, 1994 жылы туған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2011 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Петропавл қаласының әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. «1993 жылы туған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2010 жылы Петропавл қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қала әкімінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-167 тіркелді және 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 8 «Солтүстік Қазақстан», 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 4 «Проспект СК» газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ. Балғашоқоваға жүктелсін.
4. Осы шешім Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қаласының әкімі Н. Әшімбетов
КЕЛІСІЛДІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Д. Ғабдуллин