Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2010.12.01 N 20 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының № 148-II Заңы 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес, ШЕШТІ:
1. 1993 жылы туған әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2010 жылдың қаңтар-наурыз аралығында «Петропавл қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» ММ әскерге шақыру учаскесінің үй-жайында тіркеу ұйымдастырсын және қамтамасыз етілсін.
2. «СҚО Денсаулық сақтау басқармасы» ММ бастығына (Э.А.Байжүнісов) (келісім бойынша) ұсынылсын:
1) әскерге шақыру учаскесін қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
2) тіркелуге тиіс азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандар және орта медициналық персоналды тағайындасын;
3) жасөспірімдерді қаланың емдеу-алдын алу мекемелерінде стационарлық тексеру үшін 5-7 төсек-орыннан бөлінсін;
4) медициналық комиссияның жұмысына қатысатын тіркеу комиссиясының мүшелері, дәрігер-мамандар мен медбибілер 2010 жылдың қаңтар-наурыз аралығында тіркеу жүргізу кезеңіне негізгі міндеттерінен босатылсын;
5) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қаланың барлық емдеу мекемелерінен 1993 жылы туған жасөспірімдердің барлығына амбулаторлық, диспансерлік Ф № 025/у және Ф № 025-1/у карталары «Петропавл қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» ММ тапсырылсын.
3. Меншік түріне байланыссыз кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу мекемелерінің басшыларына ұсынылсын:
1) әскерге тіркеу учаскесіне жататын азаматтарды қалалық әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге шақыру туралы және өсы шақыру бойынша уақытылы келуін қамтамасыз етсін;
2) әскерге шақырушыларды әскери есепке тіркеуге байланысты, олардың жұмыс орны бойынша (оқу) жалақысын (стипендия) сақтаумен жасөспірімдерді жұмыстан (оқудан) босатсын.
4. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» ММ бастығы (Палаткин В.С.) 2010 жылға арналған қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген сомаға сәйкес, азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу бойынша іс-шараларды қаржыландыруды және автомобиль көлігімен қамтамасыз етсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Балтабаеваға жүктелсін.
6. Осы шешім ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Петропавл қаласының әкімі Н. Әшімбетов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Петропавл қаласының
қаржы бөлімі» ММ бастығы В. Палаткин
«СҚО Денсаулық сақтау
басқармасы» ММ бастығы Э. Байжүнісов
«Петропавл қаласының
қорғаныс істері жөніндегі
басқармасы» ММ бастығы М. Исмаилов