Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2011.06.10 N 4-35-2 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына сәйкес, Айыртау ауданы әкімінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 02.01-01-207 ұсынысын қарастырып Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Айыртау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылға жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомасында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары айқындалсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ХXІІІ Аудандық мәслихаттың
кезекті сессиясының төрайымы хатшысы
Н. Кислина Қ. Хамзин
КЕЛІСІЛДІ
«Айыртау ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Г. Әбілқайырова
2010 жылғы 6 сәуір
«Айыртау ауданының ауыл шаруашылық
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы Қ. Сейтмағамбет
2010 жылғы 6 сәуір