Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 03.04.2013 N 119 қаулысымен
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Көшпелі сауданы жүзеге асыратын сауда қызметінің субъектілеріне арнайы бөлінген орынды белгілеу» Есіл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 114 қаулысына (2008 жылғы 25 маусымда Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-6-92 тіркелді, 2008 жылғы 4 шілдедегі № 27 (106) «Есіл таңы», 2008 жылғы 4 шілдедегі № 28 (8381) «Ишим» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Шұнғұлшинға жүктелсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күннен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі А. Бегманов
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 19 сәуірдегі
№ 163 қаулысына
қосымша
Көшпелі сауданы жүзеге асыратын сауда қызметінің субъектілеріне арнайы бөлінген орындар
Селолық округтің атауы |
Көшпелі сауданы жүзеге асыратын сауда қызметінің субъектілеріне бөлінген орындар |
Корнеевка |
ЖК А.П.Гвоздевтің базар аумағы, Октябрьская көшесі мекен-жайы бойынша (келісім бойынша) |
Явленка |
Тимофеев көшесі № 19«а» Шалабаев көшесі 40«а» |