Көшпелі сауданы жүзеге асыратын сауда қызметінің субъектілеріне арнайы бөлінген орындарды белгілеу

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 114 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 маусымда N 13-6-92 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі N 119 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 03.04.2013 N 119 қаулысымен

      «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 317 қаулысына сәйкес, тұтынушылық мұқтаждылықты қанағаттандыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес көшпелі сауданы жүзеге асыратын сауда қызметінің субъектілеріне арнайы бөлінген орындары белгіленсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Мұқашевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                        В. Бубенко

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 26 мамырдағы
№ 114 қаулысына қосымша

Көшпелі сауданы жүзеге асыратын сауда қызметінің  субъектілеріне арналған орындар

      Ескерту. Косымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010.04.19 N 163 Қаулысымен

Селолық округтің атауы

Көшпелі сауданы жүзеге асыратын сауда қызметінің субъектілеріне бөлінген орындар

Корнеевка

ЖК А.П.Гвоздевтің базар аумағы, Октябрьская көшесі мекен-жайы бойынша (келісім бойынша)

Явленка

Тимофеев көшесі № 19«а»

Шалабаев көшесі 40«а»

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады