Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған, ер жынысты, сонымен қатар жасы үлкен бұрын шакыру учаскесінде тіркелмеген азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша):
тіркелуге тиіс азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандар және орта медициналық персонал тағайындалсын;
шақыртылған азаматтарды стационарлық тексерістен өткізу үшін аудандық ауруханадан орын бөлінсін;
шақыру пункітін қажетінше медициналық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықтасын.
3. Жасөспірімдерді тіркеу «Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы шақырту учаскесінде жүргізілсін.
4. Селолық округтердің әкімдеріне 1993 жылы туған барлық ер жынысты азаматтар сонымен қатар, жасы үлкен, бұрын тіркеуден өтпегендерді тіркеуге келуін ұйымды және уақытында камтамасыз етсін.
5. «Жамбыл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына нұсқалған іс-шараларды орындауға байланысты шығындарды бюджеттік қаржының есебінен жүзеге асырсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
7. Аудан әкімінің осы шешімі бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Ыбыраев
Келісілген:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау Министрлігінің Солтүстік
Қазақстан облысы әкімдігінің
Жамбыл аудандық орталық ауруханасы»
Коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері Е. Мүсетаев
«Жамбыл ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік
мекемесінің бастығы М. Асқаров