Жамбыл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы N 1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қаңтарда N 13-7-118 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 22 мамырдағы N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған, ер жынысты, сонымен қатар жасы үлкен бұрын шакыру учаскесінде тіркелмеген азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша):
      тіркелуге тиіс азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандар және орта медициналық персонал тағайындалсын;
      шақыртылған азаматтарды стационарлық тексерістен өткізу үшін аудандық ауруханадан орын бөлінсін;
      шақыру пункітін қажетінше медициналық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықтасын.
      3. Жасөспірімдерді тіркеу «Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы шақырту учаскесінде жүргізілсін.
      4. Селолық округтердің әкімдеріне 1993 жылы туған барлық ер жынысты азаматтар сонымен қатар, жасы үлкен, бұрын тіркеуден өтпегендерді тіркеуге келуін ұйымды және уақытында камтамасыз етсін.
      5. «Жамбыл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына нұсқалған іс-шараларды орындауға байланысты шығындарды бюджеттік қаржының есебінен жүзеге асырсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      7. Аудан әкімінің осы шешімі бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Ыбыраев

      Келісілген:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау Министрлігінің Солтүстік
      Қазақстан облысы әкімдігінің
      Жамбыл аудандық орталық ауруханасы»
      Коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері        Е. Мүсетаев

      «Жамбыл ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        М. Асқаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады