Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурызындағы № 213 Заңының 28–бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2010 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 40 қаулысына (2010 жылғы 13 сәуірде нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13-7-122 нөмірімен тіркелген, «Ауыл арайы» газетінің 2010 жылғы 23 сәуіріндегі 19 нөмірінде мемлекеттік тілде, «Сельская новь» газетінің 2010 жылғы 23 сәуіріндегі 19 нөмірінде орыс тілінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
«Ұйымдардың тізімі, түрлері, қоғамдық жұмыстардың көлемі» қосымшасындағы аумақты көркейту және көгалдандыруға көмек көрсету 15-ші жолындағы жұмыс орнының саны бағанындағы:
«12» саны «18» санына ауыстырылсын;
реттік нөмірі 20 жолы алып тасталынсын.
2. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Ыбыраев