Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихатының 2012.01.24 N 1-9 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Мағжан Жұмабаев аумағының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне моншаға баруға және шаштараз қызметтері үшін айына 400 теңге және коммуналдық қызметтерге шығындарды төлеу үшін ай сайын 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға жасанды тіс салуға ұсынылған есеп-фактураға сәйкес (асыл металлдардан, металлокерамикадан басқа) жылына бір реттен артық емес;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға; жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға; «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға; Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға; Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрәжелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне; 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандарға (өз еркімен кеткендерге) санаторий–курорттық емделуге жылына бір рет санаторий-курорттық емделудің құны көлемінде;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (хабарсыз кеткен) қайтыс болғандардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда алты айдан кем емес еңбек еткен және әскери қызмет атқарғандарға тұрғын үйді жөндеуге аудан бюджетінде қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде;
5) жүріп-тұруы қиын бірінші, екінші топ мүгедектеріне, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ оларды алып жүретін тұлғаларға «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы Мағжан Жұмабаев ауданы бөлімшесі ұсынған тізім негізінде тегін көлікпен тасымалдау бойынша;
2. Белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша мен шаштаразға баруға және де коммуналдық қызметтерге шығындарды төлеу үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш тапсырған айдан бастап тағайындалады және өтініш иесінің өліміне немесе аудан аумағынан тыс жерге көшіп кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлем нұсқалған оқиғалар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және де жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға лицензиясы бар медициналық ұйым жүзеге асыратын жасанды тіс салуға әлеуметтік көмек жасанды тіс салу құны көлемінде (асыл металлдардан, металлокерамикалық жасанды тістен басқа), аудан бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде жылына бір рет тағайындалады;
3) әлеуметтік төлемдер жергілікті бюджеттен ақшалай қаржыны әлеуметтік көмекті алушының дербес есеп-шотына екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы банкілік операциялардың сәйкес түрлерін жүргізу үшін аудару жолымен жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржылық жылда осы мақсаттарға көзделген «Жергілікті атқарушы органдар шешімдері бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» 451 007 000 бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
4. Осы шешім 2010 жылғы 01 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
5. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
Б. Әмренова В. Гюнтнер
КЕЛІСІЛДІ:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы Р. Қалиев
«Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы»
Республикалық мемлекеттік қазынашылық
кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облыстық
филиалы Мағжан Жұмабаев ауданы
бөлімшесінің бастығы М. Сағдеев