Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2012.01.25 N 50 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында халықтың мақсаттық тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімі орнатылсын:
1) колледждер мен кәсіби лицейлердің түлектері;
2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) 50 жастан асқан тұлғалар;
4) он екі ай және одан да артық жұмыс істемеген, тұлғалар;
5) Семей ядролық полигонда жүргізілген сынақтардың нәтижесінде зардап шеккен тұлғалар, Чернобыль атомдық электр станциясын жоюға қатысқандар;
6) мүгедек баланы асырап жатқан ата-аналар;
7) мамандығы жоқ тұлғалар, жұмыс іздеушілер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Т. Есдәулетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. А. Қабдөшев