Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 08.10.2013 N 336 қаулысымен
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28-бабына 6-тармағына сәйкес, үгіттік басылым материалдарын орналастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың № 8 сайлау округі бойынша кеткен депутаттың орнына депутаттыққа үміткерлердің үгіттік басылым материалдарын Мамлют ауданының аумағында орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Басылым материалдарын тарихи, мәдени және сәулетті маңызы бар ескерткіштерге, обелисктерге, ғимараттар мен имараттарға, сонымен қатар дауыс беру бөлмесіне орналастыруға тыйым салынады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы С.Қ.Мамашәріповке жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Қалиев
Келісілді
Аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы В. Целуйко
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 307 қаулысына қосымша
Мамлют аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлердің үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындары туралы
№ |
Елді мекеннің атауы |
Үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындары |
1. |
Қызыләскер с. |
Ақпараттық щит, «Қызыләскер» ЖШС ғимараты |
2. |
Степное с. |
Ақпараттық щит, Степное бастауыш мектебінің ғимараты |
3. |
Раздольное с. |
Ақпараттық щит, Раздольное бастауыш мектебінің ғимараты |
4. |
Ленино с. |
Ақпараттық щит, селолық клубтың ғимараты |
5. |
Октябрь с. |
Ақпараттық щит, медпункт ғимараты |
6. |
Дачное с. |
Ақпараттық щит, медпункт ғимараты |