«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабына сәйкес және округ тұрғындарының пікірін ескере отырып, селолық округтің әкімі ШЕШТІ:
1. Леденев селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Селолық округтің әкімі С. Сәрсенбаев
Леденев селолық округі
әкімінің 2010 жылғы 10 қарашасындағы
№ 5 шешіміне қосымша
Леденев селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы
Леденев селосы:
1) бірінші көшесі – 1-ші Мамыр;
2) екіншісі көшесі – Мектеп;
3) үшінші көшесі - Батыр;
4) төртінші көшесі - Жастар;
5) бесінші көшесі - Степная.
Новоандреев селосы:
1) бірінші көшесі - Орталық;
2) екінші көшесі - Мектеп.