Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2010.12.23 N 594 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тайынша аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп № 2 сайлау округі бойынша шыққандардың орнына Тайынша ауданы мәслихатының депутаттығына үміткерлердің үгіттік материалдарын орналастыру үшін қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.
2. Тарихи, мәдени немесе сәулеттік құны бар ескерткіштерге, обелисктерге, ғимараттар мен имереттерге, сондай-ақ дауыс беретін үй-жайда үгіттік материалдарды ілуге жол берілмейді.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Маковский
Келісілді:
Тайынша ауданы сайлау
комиссиясының төрайымы Ю. Солунина
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22
ақпандағы № 74 қаулысына қосымша
Тайынша ауданы мәслихатының депутаттығына үміткерлердің үгіттік материалдарын орналастыру үшін орындар ТІЗІМІ
№ |
Елді мекеннің |
Үгіттік материалдарды орналастыру |
1 |
Тайынша қаласы |
Жарнамалық қалқа, мәдениет Үйінің |
2 |
Тайынша қаласы |
Тумба, М. Жұмабаев көшесі, дәріхана |
3 |
Тайынша қаласы |
Жарнамалық қалқа, Коммунистическая |