Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 09.01.2013 N 8 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мүгедектерге жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 42 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік 2009 жылғы 11 наурыздағы № 13-11-143 тізілімінде тіркелді, 2009 жылғы 3 сәуірдегі «Тайынша таңы», 2009 жылғы 3 сәуірдегі «Тайыншинские вести» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе сөз басындағы:
«және «Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау Ережелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 241 қаулысы» сөздері шығарылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Маковский