Мүгедектерге жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 11 ақпандағы N 42 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 наурызда N 13-11-143 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы N 629 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 06.12.2013 N 629 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)

       «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 бабы 5-2) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2010.12.24 N 597 Қаулысымен
      1. Тайынша ауданының кәсіпорындары мен мекемелері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. «Мүгедектерге жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 110 қаулысы жойылсын (2008 жылғы 2 мамыр т/н № 13-11-105, "Тайыншинские вести", № 24 2008 жылдың 6 маусымы, "Тайынша таңы", № 24 2008 жылдың 6 маусымы).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И. И. Турковқа жүктелсін.
      4. Аудан әкімдігінің осы қаулысы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                    А. Маковский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады