Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округі әкімінің 27.06.2018 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес және халық пікірін ескере отырып ауылдық округтің әкімі ШЕШТІ:
1. Тайынша ауданы Келлер ауылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округтің әкімі | М. Сердалинов |
Келлер ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 12 шешіміне қосымша |
Тайынша ауданы Келлер ауылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы
Богатыровка ауылы:
1) Красноармейская бірінші көшесі;
2) Зеленая екінші көшесі;
3) Школьная үшінші көшесі
Кременчуг ауылы:
1) Молодежная бірінші көшесі;
2) Новая екінші көшесі;
3) Горький үшінші көшесі;
4) Мира төртінші көшесі;
5) Центральный бесінші көшесі;
6) Гагарин алтыншы көшесі