Тимирязев ауданының бөлек санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 ақпандағы N 21/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 сәуірде N 13-12-101 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы N 23/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 05.02.2014 N 23/1 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 19/1 «2010-2012 жылдарға арналған Тимирязев ауданының аудандық бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік реестрде № 13-12-100, 2010 жылғы 14 қаңтарда тіркелген, 2010 жылғы 23 қаңтарда № 4 «Нива» газетінде жарияланған) шешімін іске асыру мақсатында аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Тимирязев ауданының бөлек санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердің монша және шаштараздарға барулары үшін, ай сайын 400 теңге және коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін, ай сайын 4 айлық есептеуіш көрсеткіші мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктеріне теңестірілген тұлғаларға ұсынылған шот–фактураға сәйкес жылына бір рет тісті протездеуге (қымбат металдан, металлопластикалық, металлокерамикалық, металлоакрилдік протездерден басқа);
      3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған, екінші рет отбасы құрмаған солдаттардың жесірлеріне, қайтыс болған әскер қызметкерлерінің отбасыларына, әскери қызметін тылда өтеген және еңбек еткен азаматтарға және барлық топтардың мүгедектеріне, жылына бір рет санаторлық–курорттық емделуге жолдама құнының мөлшерінде;
      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге Астана қаласына бару үшін авиатурға.
      2. Анықталсын:
      1) моншаға және шаштаразға бару үшін, сондай–ақ Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге коммуналдық шығындарды өтеуге ай сайынғы әлеуметтік көмек, өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және өтініш берушінің өліміне немесе оның аудан сыртына кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлем көрсетілген жағдайдың болған айдын келесі айынан бастап тоқтатылады;
      2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктеріне теңестірілген тұлғаларға, тісті протездеуге лицензиясы бар, медициналық ұйымдармен жүзеге асырылатын, тісті протездеуге аудан бюджетінде қарастырылған, қаражат шегінде (қымбат металдан, металлопластикалық, металлокерамикалық, металлоакрилдік протездерден басқа) тісті протездеу құнының мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек тағайындалады;
      3) жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек, екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операция түрлеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Халық банкінің лицензиясы бар, ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылады.
      3. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығындарды қаржыландыру жылды қаржыландыруда осы мақсатқа қарастырылған 451.007.000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша бөлек санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      4. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап шыққан құқығына қатысты таратылады.
      5. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихаттың
      ХХІ сессия төрағасы                        хатшысы
      Н. Никитенко                               А. Анненков

      «КЕЛІСІЛГЕН»                               2010 жылғы 27 ақпан

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы            Е. Қосұбаев

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан Тимирязевского района

Решение маслихата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 24 февраля 2010 года N 21/7. Зарегистрировано Управлением юстиции Тимирязевского района Северо-Казахстанской области 2 апреля 2010 года N 13-12-101. Утратило силу решением маслихата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 5 февраля 2014 года N 23/1

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 05.02.2014 N 23/1

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», в целях реализации решения районного маслихата от 25 декабря 2009 года № 19/1 «О районном бюджете Тимирязевского района на 2010-2012 годы» (зарегистрировано в государственном реестре нормативных правовых актов № 13-12-100 от 14 января 2010 года, опубликовано в газете «Нива» от 23 января 2010 года № 4) районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан Тимирязевского района:
      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на посещение бань, парикмахерских в размере 400 тенге, и для оплаты расходов на коммунальные услуги в размере 4-х месячных расчетных показателей ежемесячно;
      2) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, на зубопротезирование согласно предоставленной счет-фактуры (кроме драгоценных металлов, протезов из металлопластики, металлокерамики, металлоакрила) один раз в год;
      3) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, приравненным к ним лицам, вдовам воинов, погибших в годы Великой Отечественной войны, не вступившим в повторный брак, семьям погибших военнослужащих, гражданам, трудившимся и проходившим воинскую службу в тылу, инвалидам всех групп, на санаторно-курортное лечение один раз в год в размере стоимости путевки;
      4) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на авиатуры для поездки в г.Астану.
      2. Определить что:
      1) ежемесячная социальная помощь для посещения бань и парикмахерских, а также для оплаты расходов на коммунальные услуги участникам и инвалидам Великой Отечественной войны назначается с месяца подачи заявления и прекращается в связи со смертью заявителя или его выбытия за пределы района. Выплата прекращается с месяца, следующего за месяцем, в котором наступили указанные события;
      2) социальная помощь на зубопротезирование, которое осуществляется медицинской организацией, имеющей лицензию на зубопротезирование, назначается один раз в год участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, в размере стоимости зубопротезирования (кроме драгоценных металлов, протезов из металлопластики, металлокерамики, металлоакрила) в пределах средств, предусмотренных бюджетом района;
      3) социальные выплаты из местного бюджета осуществляются путем перечисления денежных средств на лицевой счет получателя социальной помощи через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии Национального банка Республики Казахстан на соответствующие виды банковских операций.
      3. Финансирование расходов на оказание социальной помощи производить за счет средств местного бюджета, предусмотренных на эти цели в финансовом году по программе 451.007.000 «Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов».
      4. Данное решение распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2010 года.
      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель XXI сессии                    Секретарь
      районного маслихата                        районного маслихата
      Н. Никитенко                               А. Анненков

      «СОГЛАСОВАНО»                              27 февраля 2010 года

      Начальник отдела занятости
      и социальных программ                      Е. Косубаев