Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 05.02.2014 N 23/1 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 19/1 «2010-2012 жылдарға арналған Тимирязев ауданының аудандық бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік реестрде № 13-12-100, 2010 жылғы 14 қаңтарда тіркелген, 2010 жылғы 23 қаңтарда № 4 «Нива» газетінде жарияланған) шешімін іске асыру мақсатында аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Тимирязев ауданының бөлек санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердің монша және шаштараздарға барулары үшін, ай сайын 400 теңге және коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін, ай сайын 4 айлық есептеуіш көрсеткіші мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктеріне теңестірілген тұлғаларға ұсынылған шот–фактураға сәйкес жылына бір рет тісті протездеуге (қымбат металдан, металлопластикалық, металлокерамикалық, металлоакрилдік протездерден басқа);
3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған, екінші рет отбасы құрмаған солдаттардың жесірлеріне, қайтыс болған әскер қызметкерлерінің отбасыларына, әскери қызметін тылда өтеген және еңбек еткен азаматтарға және барлық топтардың мүгедектеріне, жылына бір рет санаторлық–курорттық емделуге жолдама құнының мөлшерінде;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге Астана қаласына бару үшін авиатурға.
2. Анықталсын:
1) моншаға және шаштаразға бару үшін, сондай–ақ Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге коммуналдық шығындарды өтеуге ай сайынғы әлеуметтік көмек, өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және өтініш берушінің өліміне немесе оның аудан сыртына кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлем көрсетілген жағдайдың болған айдын келесі айынан бастап тоқтатылады;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктеріне теңестірілген тұлғаларға, тісті протездеуге лицензиясы бар, медициналық ұйымдармен жүзеге асырылатын, тісті протездеуге аудан бюджетінде қарастырылған, қаражат шегінде (қымбат металдан, металлопластикалық, металлокерамикалық, металлоакрилдік протездерден басқа) тісті протездеу құнының мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек тағайындалады;
3) жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек, екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операция түрлеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Халық банкінің лицензиясы бар, ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығындарды қаржыландыру жылды қаржыландыруда осы мақсатқа қарастырылған 451.007.000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша бөлек санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
4. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап шыққан құқығына қатысты таратылады.
5. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
ХХІ сессия төрағасы хатшысы
Н. Никитенко А. Анненков
«КЕЛІСІЛГЕН» 2010 жылғы 27 ақпан
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы Е. Қосұбаев