Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011.10.14 N 257 Қаулысымен
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағымен сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай азаматтардың келесі санаттарына біржолғы материалдық көмек (бұдан әрі – біржолғы материалдық көмек) көрсетілсін:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген тұлғаларға (жауынгер-интернационалистер мен техногендік сипаттағы апаттардың зардаптарын жоюға қатысқандарды қоспағанда) – 5 000 теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдарға - 2 000 теңге мөлшерінде.
2. Біржолғы материалдық көмекті төлеу 451-020-015 «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілгендерге, оның ішінде майдандағы армия құрамына кірмеген, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде әскери бөлімшелерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызметтен босатылған, запасқа (отставка) шыққан, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызметте болған) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне біржолғы материалдық көмек тағайындауын және төлеуін қамтамасыз ету.
4. «Тимирязев ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аудан бюджетімен бекітілген қаражаттандыру шегінде біржолғы материалдық көмектің қаржыландыруын қамтамасыз ету.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И. Циммерманға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндеттерін атқарушы А. Ысқақов