"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына және 1-тармағының 4) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңының 8, 27-баптарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысымен бекітілген, ішкі сауда Ережесінің 120-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тимирязев ауданының елді мекен пункттерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін қосымшаға сәйкес орындарын белгілеу.
2. Селолық округі әкімдеріне сауда орындарына бөлінген аумақтарды көркейту бойынша жұмыстарды жүргізу.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары И.В. Циммерманға жүктелсін.
Аудан әкімі | Қ. Қасенов |
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 137 қаулысына қосымша |
Тимирязев ауданының елді мекендеріндегі сауда орындарының тізімі
1. Ақсуат селосындағы "Ирина" дүкені қоршауының бойындағы аумақ, Целинная көшесі;2. Ақжан селосындағы "Солтүстік Байлық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орталық конторына қарама-қарсысындағы асфальт төселген алаң, Мир көшесі;
3. Приозерное селосындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінің жанындағы аумақ, Центральная көшесі;
4. Белоградовка селосындағы "Елена" дүкенінің оң жағы, Школьная көшесі;
5. Ақсу селосындағы Суворов Александр Николаевичтің қоршауының жанындағы аумақ, Целинная көшесі;
6. Дзержинское селосындағы "Салтанат" дүкенінің жанындағы аумақ, Ақсуат көшесі № 24;
7. Докучаев селосындағы "Надежда" дүкені қоршауының бойындағы Школьная көшесі;
8. Северное селосындағы мектеп аумағының кіре берісіндегі қоршау жаны, Лесная көшесі;
9. Дмитриевка селосындағы аспаздық цехы ғимаратымен және "Асем" дүкені арасындағы алаң, Торговая көшесі;
10. Ынтымақ селосындағы жеке кәсіпкер Ж.С. Қасеновтің дүкені мен фельдшерлік-акушерлік пунктінің қоршауының бойы, Центральная көшесі;
11. Жарқын селосындағы жеке кәсіпкер А.К.Шаяхметовтің дүкенінің аумағы, Басты көшесі;
12. Дружба селосындағы стадион алаңына кіре берісте асфальт төселген алаң, Мир көшесі;
13.Комсомольский селосындағы "Продукты" дүкенінің жанындағы аумақ, Комсомольская көшесі;
14. Мичуринский селосындағы "Мичуринское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орталық конторына қарама - қарсы, Жамбыл көшесі;
15. Москворецкое селосындағы "Москворецкое" жауапкершілігі шектеулі серкістесік орталық конторы және "Ольга" дүкенінің алдындағы асфальт төселген алаң, Центральная көшесі;
16. Степной селосындағы "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінің алдындағы аумақ, Студенческая көшесі;
17. Ракитное селосындағы бұрынғы бастауыш мектеп ғимаратының жанында, Юбилейная көшесі;
18. Хмельницкий селосындағы "Сағат СҚ" жауапкершілігі шектеулігі серіктестігінің сауда орталығы және селолық клубының арасынан өтетін жер, Калинин көшесі;
19. Есіл ауылындағы "Богви" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі асхана ғимаратының алдында, Киров көшесі;
20. Нарынгүл селосындағы Ширяев Дмитрий Ивановичтің қоршауының жанындағы аумақ, Озерная көшесі;
21. Ленинское селосындағы ескі контордың алдындағы асфальт төселген алаң, Комсомольская көшесі;
22. Целинное селосындағы "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесінің алдындағы аумақ, Бауманская көшесі;
23. Тимирязев селосындағы базардағы жеке кәсіпкерлер Л.В. Саркисян мен Е.А. Дьяконованың аумағының арасындағы асфальт төселген алаң;
24. Рассвет селосындағы - медициналық пунктіне іргелес аумағы, Урожайная көшесі.