Ескерту. Шешiмнің қазақ тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "Ортаққөл" "аулының" сөздері тиісінше "ауылдық", "Ортақкөл", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим селолық округі әкімінің 21.01.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ортақкөл селолық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округінің Ортақкөл ауылының құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А. Хабдулин |
Селолық округ әкімінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 5 шешіміне қосымша |
Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округінің атау берілген Ортақкөл ауылының құрамдас бөліктерінің
тізбесі
Бірінші көшеге – Ортақкөл көшесі.