«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Жетісай қаласының әкімшілік шекарасына Жаңа ауыл ауылдық округінен жалпы көлемі 5,2 гектар жер бөлігінің қосылуымен Мақтаарал ауданындағы Жетісай қаласының және Жаңа ауыл ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Р.Тәңірбергенов
Облыстық мәслихат хатшысы Ә.Досболов